Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1502 0 пікір 20 Қазан, 2022 сағат 13:26

Украина аумағында 200-ге жуық Қазақстан азаматы тұруы мүмкін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазіргі кезде Украинада жүрген Қазақстан азаматтары жайында ақпарат берді.

«Қазіргі жағдайда ақпарат жинау өте қиын. Әскери қақтығыс жүріп жатқанын және адамдардың біразы Украинадан өз бетінше кетіп жатқанын ескерсек, тиісті есептеулерді жүргізу қиынға түсіп отыр. Дегенмен, Қазақстан азаматтарынан өтініштер келіп жатыр. Консулдың пайымынша, Украина аумағында 200-ге жуық азамат болуы мүмкін», - деді М. Тілеуберді Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сыртқы істер министрі адамдардың негізгі бөлігі Қазақстанға келгенін айтты.

«Польша мен Молдоваға эвакуациялау үшін шекаралар ашық. Шекарадан өткенде біздің елшілік көмек көрсетеді», - деді М. Тілеуберді.

 

Abai.kz

0 пікір