Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
2476 6 пікір 21 Қазан, 2022 сағат 12:26

Тимур Құлыбаев ҰОКҚ атқару комитетінің құрамына қайта сайланды

Тимур Құлыбаев ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының атқару комитетінің құрамына қайта сайланды. Оның кандидатурасын Азия олимпиада кеңесі таныстырды.

Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының атқару комитеті ұйымның басшылық органы болып саналады. Оған ұлттық олимпиада комитеттерінің 32 өкілі, қауымдастық президенті мен аға орынбасары, бас хатшысы, дүниежүзілік олимпиада қозғалысының белсенді өкілдері де мүше.

Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері континенталдық қауымдастықтың вице-президенті, халықаралық олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы қоғамды дамыту комиссиясының мүшесі.

2022 жылы қыркүйекте Тимур Құлыбаев халықаралық олимпиада комитетінің "Олимпизм 365" комиссиясының құрамына енген. Аталған комиссия БҰҰ-ның тұрақты даму саласында қойған мақсаттарына жетуде спорттың рөлін арттыру шараларымен айналысады.

Тимур Құлыбаев сонымен бірге Қазақстан ұлттық олимпиада комитетіне де жетекшілік етеді.

 

Abai.kz

6 пікір