Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1751 3 пікір 24 Қазан, 2022 сағат 13:40

Президент Қытай төрағасы Си Цзиньпинді жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады,-деп жазды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

– Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз.

Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

 

Abai.kz

3 пікір