Жұма, 22 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2890 9 пікір 2 Қараша, 2022 сағат 13:08

Қытай мен Ресей дос емес

Украина қауіпсіздік қызметінің отставкадағы полковнигі, әскери сарапшы Михаил Притула «Қытай Ресейді жаулап алу операциясын бастап кетті»,-дейді YouTube-тегі News Factory арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қытай қазірдің өзінде Ресей Федерациясының аумағында қытайларды қоныстандару арқылы бейбіт экспанциясын жүргізіп отыр. Ал Ресей өз ішінде ыдырай бастады.

Ресей өзінің аумақтық тұтастығын сақтай алмайды, өйткені Қытай коммунистік партияның 17-ші съезінде қабылданған стратегиялық шешім орындалып жатыр. Қытай Ресейдің Қиыр Шығысы территориясына қытайларды көптеп орналастырып жатыр.

"Біз қазір Путиннің барлық әскерді Қиыр Шығыстан шығарып жатқанын көріп отырмыз. Олардың бәрін Украинаға жіберіп жатыр. Олар украин жерінде өліп жатыр. Осылайша, іс жүзінде Қиыр Шығыстың аумағы босап, қытайлар орнын басып жатыр. Шындығында Қиыр Шығыс жерін Қытай уысында ұстап тұр.  Атап айтқанда, «Қара Аю» аралы Қытайға 50 жылға жалға берілген, яғни мәңгілікке. Бұл аумақтың үлкен бөлігін алып жатыр»,- дейді Михаил Притула.

Сонымен қатар, спутник суреттерінен Хабаровскіге Қытай жолдары  салынғанын көруге болады, деп атап өтті сарапшы.

Михаил Притула Қытайдағы демографиялық қысым туралы айтты.

"Ресейдің Амур аумағы маңында бір шаршы шақырымға бір жарым адамнан келеді. Ал Қытайда бір шаршы шақырымға 150 адамнан келеді. Қысым 100 есе көп. Бұл қытайлықтардың Ресей аумағына көшуіне, орыстардың  ассимиляцияға ұшырауына әкеледі. Қытайлар өздері ассимиляцияға түспейді, олар өз мәдениетін өзгеге сіңдіре алады»,-дейді сарапшы.

 

Керімсал Жұбатқанов

 Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321