Қазақстанның сыртқы істер министрі Солтүстік Македонияға тұңғыш рет сапарлап барды
Қазақстанның сыртқы істер министрі Солтүстік Македонияға екіжақты қатынастар тарихында тұңғыш рет сапар жасады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Солтүстік Македония Республикасына ресми сапары өтті. Оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары және Солтүстік Македонияның ЕҚЫҰ-ға алдағы 2023 жылғы төрағалығы шеңберіндегі өзара іс-қимыл талқыланды.
Министр Президент Стево Пендаровскимен және Ассамблеяның (Парламенттің) төрағасы Талат Джаферимен кездесулер өткізді, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Буяр Османимен келіссөздер жүргізді.
Abai.kz