Сенбі, 23 Қараша 2024
1591 2 пікір 15 Қараша, 2022 сағат 12:46

БҰҰ: Ресей Украинаға келтірген шығыны үшін өтемақы төлейді

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресей Украинаға келтірген шығыны үшін өтемақы төлейді деген шешім қабылдады.

Бұл шешімді ұйымның 193 мүшесінің 94-і резолюцияны қолдаған. Қарсы дауыс бергендер арасында Беларусь, Куба, Иран, Сирия, Зимбабве және т.б. – барлығы 14 ел бар. Қалыс қалған 73 елдің арасында Қазақстан, Сербия, Бразилия мен Үндістан тұр. Бұл БҰҰ Бас ассамблеясының Украинадағы соғысқа Ресейді айыптайтын бесінші резолюциясы.

Осылайша БҰҰ Бас ассамблеясы "Ресей Украинаға соғыс бастап, халықаралық құқықты бұзды және оның құқықтық салдары үшін жауап беруге, келтірілген шығынды өтеуге тиіс" деп есептеді. Резолюцияда соғыстың Украинаға келтірген зардабы мен өтемақыны есептейтін арнаулы халықаралық механизм құру мәселесі ұсынылған.

Ресейдің Біріккен ұлттар ұйымындағы тұрақты өкілі Бас ассамблея шешімі жөнінде: "Өтемақы деп отырған нәрсеге ақшаны қайдан алғысы келетінін білеміз. Батыс Ресейдің бұғатталған ақшасын, шын мәнінде Ресейден ұрлап алған жүздеген миллиард доллар активтерін пайдалану жолын заңдастырғысы келеді" деді.

Дегенмен Ресей өзіне қарсы кез келген құжатқа БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде вето қоя алады.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490