Сенбі, 23 Қараша 2024
1425 1 пікір 17 Қараша, 2022 сағат 13:24

Соғысты қолдаған ресейліктерге тыйым бар ма?

Соғысты жақтаған ресейлік танымал тұлғалардың Қазақстанға келуіне қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко жауап берді, деп хабарлайды Abai.kz порталы Ulysmedia.kz-ға сілтеме жасап. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанға қатысты айтылған әрбір сөзді «зерттейміз» деп отыр.

«Жалпы, біз әлбетте, біз Ресей Федерациясының ресми тұлғаларының сөзіне талдау жасап отырамыз. Ресейдің жекелеген азаматтарының да сөзіне қараймыз. Мемлекет ретінде басқа мемлекеттердің ресми мәлімдемелеріне баса мен береміз. Мәселен, Ресейде 140 млн адам тұрады. Егер солардың әрбірінің сөзіне қатысты пікір білдіре берсек, ол қаншалықты дұрыс болады», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Журналистер Алекс Лесли деген ресейлік блогердің «біз Қазақстанда мобилизацияланамыз» деген сөзіне қатысты Василенконың пікірін сұраған. Роман Василенко ол сөзді естімегенін, алайда тиісті шараларды қабылдайтынын айтты.

«Мұндай жағдайда аталған адамға Қазақстан аумағына кіруге тыйым салудан бастап сол елдің ресми тұлғаларымен бірге жұмыс жүргізуге дейін шаралар қабылданады. Алайда білуімше, сіздер атаған адам жауапсыз сөйлеген жеке біреулер болуы керек. Сол себепті бұл материалды зерттеп, тиісті шешімді қабылдаймыз», - деді ол.

Роман Василенкодан «Ресейде соғысты қолдаған адамдардың Қазақстанға келіп, жұртты жинап, концерт өткізгені немесе форумдарға қатысқаны қаншалықты дұрыс?» деген сұрақ қойылған. Василенко бұл сұраққа да «зерттейміз, баспасөз қызметі арқылы жауап береміз» деді.

Бұған дейін соғысты қолдайтын ресейлік әнші Полина Гагаринаның Алматыдағы концерті көпшіліктің сынына ұшырап, өтпейтін болды. Жақын арада тағы да ресейлік танымал дінтанушы Шәміл Аляутдиновтың Астанада өтетін форумға қатысатыны белгілі болды. Ол туралы әлеуметтік желі қолданушылары Аляутдиновтың Ресейдің басқыншылығын қолдайтын мәлімдемесін бөлісіп, оның келуіне наразылық білдіруде.

Ал ресейлік блогер Алекс Леслиге  (шын аты Александр Кириллов) Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520