Министрлік: "Қазақстанның экспорт көлемі рекордтық көрсеткішке жетті"
Қазақстанның экспорт көлемі биылғы жылдың 9 айында рекордтық көрсеткішке жетті. Әсіресе Италия мен Түркия елдеріне экспорт көлемі артқан.
Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 98,4 млрд долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35% - ға артық.
"ҚР экспортының номиналды көлемі— 63,8 млрд доллар, бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 47,5% - ға артық (43,3 млрд доллар)", - деді министрлік.
Экспорт мына елдерге артқан: Италияға 84% - $11,2 млрд – қа дейін; Қытайға 43% - $10,3 млрд-қа дейін; Ресейге 15% - $5,9 млрд-қа дейін; Нидерландыға 24% - $4,1 млрд-қа дейін; Кореяға 2,9% - $3,6 млрд-қа дейін өсті; Түркияға 71% - $3,6 млрд-қа; Өзбекстанға 36% - $2,6 млрд-қа дейін өсті.
«Биылғы тоғыз айдағы қазақстандық экспорттың құны 63,8 млрд доллар, бұл кейінгі жеті жылдағы экспорт көлемінен асып түседі»,-деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігі. Соңғы рет 2014 жылы экспорт көлемі 79,5 млрд долларды құраған.
Abai.kz