Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 2779 7 пікір 24 Қараша, 2022 сағат 12:50

АҚШ президенті алжыды ма?!

Қарашаның басында АҚШ-тың орта мерзімдік сайлауы өткені белгілі. Сайлау қортындысы көрсеткендей сыртқы саясаттағы сәтсіздікке, зат бағасының шарықтауына қарамастан америкалықтардың биліктегі партияға болған ықыласы өзгермеген.

Демократтардың қазіргі басты уайымы екі жылдан кейін болатын президент сайлауындағы жұрттың дауысы емес, президент Байденнің жасы екен. Өткен жексенбі күні, қарашаның жиырмасында Байден сексенге толды. 2024-жылы 82-ге келеді, қайта сайланса 86-ға толғанша президенттік билікте болады.

Байденнің жұрт алдындағы айтатын сөзін ұмытып қалу, қайтыс болып кеткен сенатордың атын атап шақыру сияқты кейбір оқыс әрекеттері журналистердің қарттық ауруын зерттейтін мамандарға жүгінуіне мұрындық болған. Мамандардың берген жауабы да әртүрлі шыққан. Біреуі - Байден мен биыл 76-ға толған Трампты «әдемі қартайғандардың» қатарына қосып, алдағы сайлауда екеуінің бәсекеге түсуін көргісі келетінін жеткізген. Енді біреуі - Байденнің жоғары білім алғанын, өберелі-шөберелі екенін, жұмыс басты екенін алға тартып, мұның бәрін қартаюды баяулататын факторлар ретінде қарастырған. Бәрінің пікірі адамның жасы жеке дара қарастыратын мәселе емес дегенге саяды.

Көптеген ғалымдар жасы егде адамдар үшін ұмытшақтық ауруының қалыпты құбылыс екенін түсіндірген. Адамның жасы 65-тен асқан соң зейіні әр бес жыл сайын әлсірей береді екен. Әлемнің маңдай алды бай елінде тұратын 80-84 жас аралығындағы Америкалық қарттардың ұмытшақтығы 10 пайыз болса, 85-89 жас аралығындағы қарттардың көрсеткіші 20 пайыз екен. Байденнен басқа сексеннің сеңгірінен асса да саясатта жүрген сенаторлар, прокурорлар көптеп саналады екен. Экс-президенттер де ұзақ өмір сүреді екен. Үлкен Буш 94-ке келіп қайтыс болса, Джими Картер қазанның бірінде 98 жасын тойлаған.

Байден өткен жылы 79-ға толу қарсаңында оның жеке дәрігері Кевин доктор оның денсаулық мәліметін жариялап, Байденді «денсаулығы мығым, қайраты қайтпаған, жасы 78-дегі ер азамат» деп сипаттаған. Биыл да алдағы айларда тексеріс нәтижесін көпке ұсынбақ екен.

Байден таяуда ғана ел ішіндегі саяси науқандардан сырт, Египет, Камбоджа, Нидонезия қатарлы үш елде өткен халықаралық жиналыстарға қатысқан. Осының өзі Байденнің денсаулығының әлі де мығым екенін дәлелдеп тұрғандай.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371