Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3163 0 пікір 20 Мамыр, 2009 сағат 05:40

«Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырынан 600 тоннадан астам мұнай заңсыз ұрланды

Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Маңғыстау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырынан 600 тоннадан астам мұнай ұрлаған топты ұстады. Бұл туралы ІІМ қылмыстық полиция комитеті төрағасының орынбасары Бекет Аймағамбетов хабарлады.
«15 мамырда Өзен-Атырау-Самара мұнай магистральді құбырына заңсыз қосылу арқылы шикі мұнай ұрлау дерегі анықталды. Мұнай толтырылған мұнай тасушы алты автокөлік пен оларға еріп жүрген көлік және қылмыстың өзге де құралдары табылды. Тексеру барысында Маңғыстау облысының Сай-Утес теміржол тұйығында мұнай толтырылған екі және мұнай құю үшін дайын тұрған үш теміржол цистернасы табылды», - деді ол дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.
«Алдағы уақытта біз ол тұйықтан қанша мұнай шығарылғанын біліп, келген залалдың нақты сомасын анықтаймыз деп ойлаймын», - деді Б. Аймағамбетов.
Қылмыс орнынан 9 адам ұсталды. Олар – Маңғыстау облысының және Ақтөбе қаласының тұрғындары, Өзбекстан азаматы. Тағы бір Өзбекстан азаматының және Түркменстан тумасының, сондай-ақ, ҚТЖ Маңғыстау бөлімі қызметкерлерінің қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Қылмыстық полиция комитетінің төрағасы орынбасарының айтуынша, мұнайға қосылу 2-3 айға созылған.

Б. Аймағамбетов ұрланған мұнай Атырау мұнай өңдеу зауытына жеткізілген деген болжам бар екенін, ал зауыт «ұрланған мұнай жеткізіліп жатқанын білмеген» болуы мүмкін деді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496