Жұма, 22 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 7704 4 пікір 25 Қараша, 2022 сағат 16:43

Ресей мен Қазақстан шекарасы туралы не білеміз

Екі елдің шекарасы мыңдаған шақырымға созылып жатыр, құрлықпен де, теңізбен де шектеседі. Ұзына бойы жүзден астам бақылау-өткізу пункттері орналасқан. «Ресейдің Қазақстанмен құрлық шекарасы қалай реттеледі? Оны қалай дұрыс кесіп өту керек? Ресей Федерациясының аумағынан шығу кезінде қандай ережелерді ескеру қажет?» деген сұрақтарды мақалад қарастырайық.

Елдер арасындағы қазіргі шекара 20 ғасырда Қазақ КСР құрылған кезде қалыптаса бастады. Ол Кеңес Одағының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің өзгеруіне байланысты үнемі өзгеріп отырды. Мысалы, 1920 жылы Орынбор облысы Қазақ АКСР-ға өтіп, шекара солтүстікке қарай жылжыды. Орынбор Қазақ автоногмиялық республиканың астанасы болды, бірақ 5 жылдан кейін бәрі бұрынғы күйіне қайта оралып, шекара қайтадан өзгерді.

Қазіргі кездегі елдер арасындағы шекара 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін пайда болды. Бірақ оны делимитациялау (шекаралас елдер арасындағы шекараның нақты орнын талқылау) 1999 жылы басталды. Демаркация (жердегі таңбалау) 2007 жылы ғана басталды.

Елдер арасындағы пайда болған шекара Петропавл облысындағы Транссібір темір жолын кесіп өтті. Осы себепті елдер бұл жерде дәліз құру туралы келісімге қол қойды, ол арқылы тауарлар шекарадан тексерусіз және баж салығын төлемей өтеді.

Қазақстан мен Ресей теңіз және құрлық арқылы шектеседі, құрлықтағы шекарасы 7 598,8 шақырымды құрайды. Теңіз шекарасы өте қысқа: 85,8 шақырым. Ол Ресейдің 10 облысы арқылы өтеді.

Қазақстан мен Ресейде барлығы 46 бақылау-өткізу бекеті бар. Оның бірі өзен (Ресей мен Қазақстан шекарасы су арқылы өтеді), қалғаны пойыз немесе автокөлікпен өтуге арналған жолдар.  Бақылау пункттері келесі аймақтарда орналасқан:

Астрахан облысы

Қараөзек-Құрманғазы (жол)

Қараөзек-Ганюшкино (темір жол)

Волгоград облысы

Полынь-Орда (автомобиль)

Жоғарғы Басқұншақ-Сайхин (темір жол)

Элтон-Жәнібек (жол)

Вишневка-Жәнібек (темір жол)

Саратов облысы

Озинки-Тасқала (жол)

Озинки-Жайық (темір жол)

Орынбор облысы

Маштаковка-Сырым (автомобиль)

Теплое-Шаған (автомобиль)

Елек-Ақсай (жол)

Илецк-1 - Шыңғырлау (темір жол)

Сағарчин-Жайсан (темір жол)

Илецк-Жайсан (темір жол)

Орск-Қырғылды (темір жол)

Орск-Әлімбет (жол)

Светлый-Қарашатау (жол)

Комсомольский-Қондыбай (жол)

Челябі облысы

Мариинское-Желкуар (жол)

Николаевка-Аят (жол)

Қарталы-Бүскөл (темір жол)

Соқпақ-Қайрақ (жол)

Қорған облысы

Воскресеновка-Ақбалшық (жол)

Звериноголовск-Убаған (жол)

Зауралье-Пресногорьевка (темір жол)

Петухово-Жаңажол (жол)

Петухово-Мамлютка (темір жол)

Түмен облысы

Қазанское-Қызылжар (жол)

Омбы облысы

Есілкөл-Булаево (темір жол)

Есілкөл-Қарақоға (жол)

Белосток-Бидайық (жол)

Еріксіз-Амангелді (автомобиль)

Черлак-Ертіс (өзен)

Ольховка-Үрлітөбе (жол)

Новосіәбір облысы

Тереңгүл-Мыңкөл (теміржол)

Павловка-Қосақ (жол)

Алтай өлкесі

Славгород-Найза (жол)

Құлынды-Шарбақты (жол)

Құлынды-Шарбақты (темір жол)

Малиновое көлі-Қояңбай (жол)

Топольное-Байтанат (жол)

Веселоярск-Ауыл (жол)

Горняк-Жезкент (жол)

Невяровская-Жезкент (темір жол)

Михайловка-Уба (жол)

Третьяково-Шемонаиха (темір жол)

Ресей мен Қазақстан шекарасынан долаушылар мен жүктердің өтуін жеңілдету үшін көптеген келісімдерге қол қойылды. Бірақ, кез-келген шекарадағы сияқты, бірқатар шектеулер әлі де сақталады. Ресей азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет емес.

Бұл Ресей-Қазақстан шекарасынан өткен Беларусь және Украина азаматтарына да қатысты. Ішкі төлқұжатпен немесе шетелдік төлқұжатпен кіруге болады.

Қазақстанға мына заттарды алып кіруге рұхсат етілген:

10 000 долларға дейінгі қолма-қол ақша; жалпы құны 25 000 долларға дейінгі асыл металдар мен зергерлік бұйымдар; 3 литрге дейін алкоголь 1000 темекі; 10 килограммға дейін тағам; 100 литрден аспайтын бензин;

Ал мына заттарды алып кіруге тыйым салынады: есірткі; қару мен оқ-дәрі; «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар; жазда ет пен балық; карантин тізіміндегі тауарлар; антиквариат.

Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа, ксенофобияға, нәсілшілдікке және билікті құлатуға шақыратын материалдарды әкелуге тыйым салынады. Жолаушы тиым салынған заттарды алып кіретін болса, тәркіленеді, айыппұл салынады, қару мен есірткі алып кіру жағдайында түрмеге қамалуы мүмкін.

Терроризм, экстремизм, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, діни және басқа да араздықты қоздырумен айналысатын азаматтар Қазақстанға кіргізілмеуі мүмкін.

10 000 рубльден артық мемлекетке қарызы бар, салығын төлемегендерде де Қазақстан шекарасына өте алмайды.

2022 жылы коронавирус шектеулері бойынша:  биылғы жылдың көктемінен бастап барлық шектеулер алынып тасталды. Шекаралар ашық, ПТР тестін немесе вакцинация сертификаттарын көрсетудің қажеті жоқ.

 

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320