Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 3674 2 пікір 30 Қараша, 2022 сағат 15:39

Қазақстандағы ЖЭО-лар кімдерге тиесілі?

Екібастұз ЖЭО-сындағы апаттан кейін еліміздегі 37 жылу электр орталығының 22-сі жекеменшік, 10-ы мемлекеттің меншігінде, ал қалған бесеуі квазимемлекеттік сектор иелігінде екенін ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.

Мемлекеттік меншіктегі ЖЭО-лар:

«Теплокоммуэнерго» (Семей);

«Қостанай жылуэнергетика кәсіпорны»;

ЖЭО-5 «Кентау сервис» (Түркістан облысы);

Орал ЖЭО «Жайықжылуэнерго» АҚ;

«Арқалық жылуэнергетика кәсіпорны»;

ЖЭО-4 «Таразэнергоорталық» АҚ;

«Шахтинскжылуэнерго» ЖШС (Шахтинск ЖЭО);

ЖЭО-1 «Астана-Энергия» АҚ;

ЖЭО-2 «Астана-Энергия» АҚ;

«Кызылордажылуэлектрорталық».

Квазимемлекеттік сектордағы ЖЭО-лар:

ЖЭО-1 «Алматы электр желілері» АҚ;

ЖЭО-3 «Алматы электр желілері» АҚ;

ЖЭО-2 «Алматы электр желілері» АҚ;

ЖЭО-1 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (Ақтау);

ЖЭО-2 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (Ақтау және Маңғыстау облысы).

Жекеменшіктегі ЖЭО-лар:

Балқаш ЖЭО - Kazakhmys Energy ЖШС;

Жезқазған ЖЭО - Kazakhmys Energy ЖШС;

ЖЭО – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС;

«Өскемен ЖЭО» ЖШС;

Петропавл ЖЭО-2 «СевКазЭнерго» АҚ;

«Риддер ЖЭО» АҚ;

ЖЭО-ПВС – «Арселормиттал Теміртау» АҚ;

ЖЭО-2 «АрселорМиттал Теміртау»АҚ;

ЖЭО – «Текелі энергокешені» ЖШС;

ЖЭО-1 «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС;

ЖЭО-2 «Павлодарэнерго» АҚ;

«Согра ЖЭО» ЖШС (Өскемен);

Рудный ЖЭО – «ССГПО» АҚ;

«Атырау ЖЭО» АҚ;

ЖЭО-1 «Қазақстан алюминийі» АҚ ERG (Павлодар);

«Степногор ЖЭО» ЖШС;

ЖЭО-3 «Павлодарэнерго» АҚ;

ЖЭО «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС;

ЖЭО-3 «Қарағанды энергоцентр» АҚ;

ЖЭО-3 «3-Энергоорталық» АҚ ERG (Шымкент);

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ;

ГРЭС-1 Bassel Group LLS ЖШС (Теміртау).

Жекеменшіктегі жылу электр орталықтарының көпшілігіне Forbes журналына енген қазақстандық олигархтар қожалық етеді. Еліміздегі ЖЭО-ның барлығы Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін салынған.

Мемлекет қарамағындағы ЖЭО-ның ең ескісі – Семейдегі «Теплокуммунэнерго» МКК. Ол 1934 жылдан бастап жұмыс істейді.

МКК Қостанай жылу энергетикалық компаниясына қарайтын Қостанай ЖЭО екінші дүниежүзілік соғыс кезінде салынған екен.

Түркістан облысындағы«Кентау сервис» МКК иелік ететін 5-ЖЭО 1952 жылы салынған, әбден тозығы жеткен.

«Жайық жылу энерго» АҚ-ға кіретін Жайық ЖЭО 1953 жылдан бері істейді.

«Шахтинскжылуэнерго» ЖШС-ға кіретін Шахтинск ЖЭО 1964 жылы салынған.

«Астана-Энергия» АҚ-ға қарайтын 1-ЖЭО 1961 жылы салынса, 2-ЖЭО 1971 жылы салынған.

Қызылорда қаласындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» ММК 1964 жылы қосылған.

1-ЖЭО, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО«Алматы электр желілері» АҚ қарайды, Ақтаудағы 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО «МАЕК-Қазатомпорм» ЖШС қожалығында.

Балқаш қаласындағы ЖЭО мен Жезқазған қаласындағы ЖЭО «Forbes» журналындағы қалталылардың көшін бастап тұрған «Қазақмыс» корпорациясының иесі Владимир Кимге тиесілі. Қос ЖЭО «Қазақмыс» корпорациясының «Kazakhmys Energy» ЖШС-нің құрамына кіреді.

Павлодардағы 1-ЖЭО, Шымкенттегі ЖЭО мен Рудныйдағы ЖЭО олигарх Владимир Машкеевичтің ERG компаниясына тиесілі.

Күні кеше апат білдей бір қаланың тұрғындарын жылусыз қалдырған Екібастұз ЖЭО мен Петропавл қаласындағы ЖЭО олигарх Александр Клебановтың иелігінде.

Қарағанды облысындағы екі ЖЭО «АрселорМиталл Теміртау» АҚ қарайды. «АрселорМиталл Теміртау» еліміздің көмір шахталарына иелік етеді. Жақында аталған компанияға тиесілі Қарағандының Ленин шахтасында жарылыс болып, қайғылы оқиғадан бес кенші қаза тапқан болатын.

Бұдан бөлек «Текелі энеркокешен» ЖШС, «Қарағанды энергоорталық» ЖШС, «Павлодар энерго» ЖШС, «Сорғы ЖЭО» ЖШС, «Атырау ЖЭО» АҚ, «Степногорск ЖЭО» ЖШС, «Павлодарэнерго» ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ пен «Bassel Group LLS» ЖШС-ға қарасты жылу электр орталықтары бар.

Екібастұз ЖЭО-сындағы апаттан соң Мемлекет басшысы елімізде проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы үкіметке тапсырма берді.

Айжан Темірхан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965