Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1158 6 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 12:03

Шешім қабылдай алмайтын министрлер отставкаға кетсін!

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өз саласы бойынша жұмысын толық атқара алмайтын министрлер отставкаға кетуі керек екенін айтты.

«Биыл біз күрделі геосаяси жағдайға байланысты бірқатар қиындыққа тап болдық. Бұл бағаның өсуіне, инфляцияға, экономикалық дамудың бәсеңдеуіне әкеліп соқты. 2023 жылы бізді жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдер күтіп тұр. Сондықтан, біз Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен тапсырмаларын сапалы іске асыру үшін барынша күш салуымыз керек. Сондай-ақ, біз форс-мажор жағдайларға барынша тез әрекет етуіміз қажет», - деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың атап өтуінше, әр министр өз саласы бойынша тапсырмалардың 100 пайыз орындалуына кепілдік беруі тиіс. Ал, әрбір әкім жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық мәселелердің сапалы шешілуін қамтамасыз етуі керек.

«Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал «қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын» деген әріптестеріміз қазірден орнын босатсын. Орындарыңызға басқа адамдар келеді. Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз. Сонда көздеген мақсатқа жетуге болады», - деді Әлихан Смайылов.

Abai.kz

6 пікір