Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Саңлақ 4280 0 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 15:14

Пенальтиді көп қайтарғандардың мансабы өсе ме?

Әлем чемпионаты 1930 жылдан бастауын алса да, пенальти сериясы тек 1982 жылы ғана енгізілді.

ХАРАЛЬД ШУМАХЕР — 4 пенальти (1982, 1986)

Ең алғашқы пенальти сериясы 1982 жылы жартылай финалда Германия мен Франция арасындағы ойында тіркелді.

Қақпашы Харальд Шумахер алғашқы пенальти сериясын жеңуге көмектессе де, басы дауға қалды. Ол ойын барысында Франция футболшысы Патрик Баттистонды теуіп, 3 тісінен айырды. Франция футболшысы алаңнан ес-түссіз кетсе де, қақпашыға ешқандай ескерту, пенальти берілмеді.

1986 жылы Харальд Шумахер әлем чемпионатында тағы да 2 пенальти қайтарып, Мексиканы жеңді. Бірақ 1987 жылы автобиографиясында допинг қолданғанын (1984 жылы Кельн мен Спартак 2:0) жазған соң, клуб онымен келісім-шартын үзді.

1982-1987 жылдары "Кельн" клубында ойнады.

СЕРХИО ГОЙКОЧЕА — 4 пенальти (1990)

1990 жылы әлем чемпионатына 2-ші қақпашы ретінде барған Серхио Гойкочеа негізгі қақпашы жарақат (топтық кезеңнің 2-туры) алған соң, алмастырды.

Ол Югославия мен Италияға қарсы ойында пенальтиді шебер қайтарып, ең үздік қақпашы атанды. Алайда Аргентинаның "Расинг" клубында ойнайтын қақпашының мансабы жоғарлауының орнына, Францияның 2-ші дивизионындағы "Брест" клубына ауысты. Клуб банкрот болып, 3-ші дивизионға түсті.

ДАНИЭЛЬ СУБАШИЧ — 4 пенальти (2018)

2018 жылы финалға дейінгі ойындарға овертаймның көмегімен шыққан Хорватияға қақпашының шеберлігі қатты көмектесті. Ол Дания (1/8) мен Ресейге (1/4) қарсы ойындарда пенальти сериясын сәтті өткерді.

2012 жылдан бері Францияның "Монако" клубында негізгі қақпашы болды. 2017 жылы Франция чемпионы атанып, чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті. Өзі "ең үздік қақпашы" марапатына ие болды. Алайда 2019 жылы жарақат алған соң, мансабы құлдырады. Жарақатынан айыққан ол Франция кубогы аясында "Лилльге" қарсы сәтсіз ойын (0:3)өткізіп, жауапты ойында алаңға шықпаса да, "қызыл қағаз" алды.

2021 жылдан бері "Хайдук Сплит" сапында 4 ойын өткізген.

ДОМИНИК ЛИВАКОВИЧ — 4 пенальти (2022)

Жапония мен Бразилияға қарсы ойында пенальтилерді қайтарып, қаһарман атанды.

Қазір "Динамо Загреб" клубында ойнайды.

Қандай ерекше жеңістерге қол жеткізді?

Чемпиондар лигасының алғашқы турында "Челсиді" 1:0 есебімен жеңді.

Былтыр Еуропа лигасының 1/8 финалында "Тоттенхэмді" 3:2 (0:2, 3:0) есебімен жеңіп, ширек финалға алғаш рет шықты.

Қанат Байұзақов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530