Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Саясат 34398 0 пікір 19 Желтоқсан, 2022 сағат 13:44

Сайлау келе жатыр: Жаңа партиялар тіркелуде...

Президент сайлауы өтті. Ендігі кезек Парламентте. 14-қараша күні Сенат депутаттарын сайлау өтпек. Қоғамға қызық болатыны Мәжіліс депутаттарын сайлау болмақ. 

Бұл жолғы сайлау өзгеше. Партияларды тіркеу ережелері жеңілдетілді. Тіркеу шегі 4 есеге – 20 мыңнан 5 мың адамға азайды. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетілді. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азайды.

Мәжіліс ендігі таңда пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Пайыздық көрсеткішпен айтатын болсақ 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлық негізде болмақ. Енді жекелеген азаматтар, қоғам белсенділері мен саяси қайраткерлер де өзін ұсынып, сайлауға түсе алмақ.

Партияларды тіркеу бойынша да белсенділік байқалады. Бірнеше апта бұрын "Байтақ" партиясы ресми тіркеуден өткен еді. Ал бүгін "Respublika" партиясының ресми тіркелгендігі белгілі болды.

"Бүгінгі күні "Байтақ" және Respublika партиялары тіркелді. Екі партия. Бұл толық құқыққа ие партиялар. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр. Олар әлі бірінші кезеңнен өткен жоқ. Себептері бір - құжаттары заңнамаға сәйкес келмейді", - дейді Әділет министрі Қанат Мусин.

Сарапшылар Мәжіліске сайлау көктемде болуы ықтиал дейді. Ең тиімді уақыт ретінде наурыз-сәуір айларын атауда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1960