Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4077 0 пікір 13 Тамыз, 2009 сағат 10:51

Он екі миллион орын толтыра ма?

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың ми қайнатқан маусымында онсыз да аңғары кеуіп, тыныс алуға дем таппай жүрген халық бір түнде уланып қалған болатын. Шырт ұйқыда жатқан дүйім жұртты дүрліктіріп, қобалжытқан «шулы» оқиға шындықты іздетті. Біреуі әдеттегідей газшылар құбыр бойын артық газдан тазартты десе, енді бірі станса басына әкелінген цистернаның бірінен май төгілді деп күні бойы сәуегейлікке салынумен болғанмен, таң атысымен әкімшіліктің алдын торуылдаған тұрғындар жауапты адамдарды атқа мінгізді. Түс ауа әлгі кірпікті ілдірмей шығарған келеңсіздіктің қайдан келгені белгілі бола бастады. «Бақсақ, бақа екен» демекші, танауды жарған иіс таңмен таласқан «қара алтынды» ұрлаушылардың келтірген кеселі екен.

«Елдегінің ерінге тиетінін» теріс пиғылмен байқамақ болған ұрылар ойламаған жерден сыр берген ысырмаға әлдері келмей, қатты қысымның қыспағанынан сыртқа ытқыған иістен қылмыс жасап жатқан орынды құрал-сайманын алмастан тастай қашқан. Сөйтіп, адамға келтірген зияны өз алдына, экономикаға шығын, экологияға залал келтірді.

Аудан орталығының оңтүстік-шығыс бағытындағы «Кеңқияқ-Атырау» мұнай магистралінің 311-ші шақырымында орын алған оқиғаға қатысты экологияға келтірілген зиянды өлшеп, айыппұлды құбыр иелерінің мойнына ілген «Жайық-Каспий» экология департаменті екі айға жуықтағанда «Мұнай Тас» солтүстік-батыс құбыр желісі АҚ-на 254 600 теңге айыппұл, оған қоса қоршаған ортаға келтірілген шығын үшін 11 510 466 теңгенің кінәратын таққаны белгілі болды.

Осындай мәліметімен бөліскен Мақат ауданы бойынша экология инспекторы Құралбек Адамбаев бүгінде табиғатқа келтірілген зиянның өтемі - жалпы алғанда 11 765 066 теңгенің облыс қазынасына толықтай өтелгенін айтты.

Өкінішке орай, сол күні сасық иістен өкпесі тарылған Мақат тұрғындарының ешбіріне «он екі миллионнан» он екі тиын да бұйырмақ емес. Өйткені, ешкім арызданбаған.

Ал, әлгі қылмысты жасаған әккілердің әдеттегі ісі екенін топшылататын оқиғаға қатысты аудандық ішкі істер бөлімі әзірге тіс жармай келеді. Неге?

Сәл шегініс жасап, ойланып көрелік: екі метр тереңдіктегі құбырды қазып, халық «қазынасын» қымқырумен айналысу қарапайым кісінің тірлігі емесі белгілі. Әрі шикі мұнайды шелектеп тасып, шекесін шылқытыпты деген ертегіге кім сенеді?..

Қалай дегенде де, қоршаған орта мен қара халықты «қан қақсатқан» қылмыскерлер жазасын алуға тиіс. Әйтпесе, он екі миллион келтірілген зиянның орнын толтырмас...

Б.АРАЛ,

Атырау облысы,

Мақат ауданы, Мақат кенті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329