Серік СЕЙДУМАНОВ: АЛМАТЫ 10-15 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЕСКІ АТАУЫН ҚАЙТА АЛАТЫН ШЫҒАР
Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып ұзақ жылдар қызмет атқарған Серік Сейдуманов сәрсенбіде Мәжіліс депутаты болып тағайындалды. «Алматыға Алма-Ата атауын қайтару керек» деген әйгілі бастамасымен жұртты дүрліктірген Сейдумановтың енді халық қалаулысы деген дардай аты бар. Мәжіліс депутаттарына Секеңді таныстырған спикер Н.Нығматулин оның жаңа қызметіне табыс тіледі.
С.Сейдуманов болса алғашқы отырысты заң жобаларын көппен бірге қолдап, үнсіз өткізді. Сәрсенбідегі отырыстан соң тілшілермен тілдескен су жаңа депутат «Депутат болуға ұсынысты кім жасады? Әлде бұрынғы қызметіңізде мойныңызға қыруар жұмыс артылған соң Алматыдан шаршадыңыз ба?» деген сауалға: «Партия депутаттарды тізімге үміткер ретінде тіркеп, ұсынады. Мәжілісмен Мұрат Әбенов басқа жұмысқа ауысқан соң оның орнына бару туралы ұсыныс жасағанда бірден келістім. Мәжіліс отырысына алғаш рет қатысуым жұмыс істеп жүрген қалыптағыдай қалыпта өтті», - деп ағынан жарылды.

Енді депутат Серік Сейдуманов Мәжілісте үнсіз жүрмей, біраз мәселені көтермек екенін де айта кетті. Өзінің айтуынша, қандай да өзекті мәселе туындаса соны міндетті түрде ескеріп отырады екен. Ал атышулы Алматы қаласын Алма-Ата деп атау туралы сауалға «Алматыға ерекше мәртебе беру туралы мәселені сіздер білесіздер. Сол туралы кезінде біз заң дайындағанымызбен ол өтпей қалған болатын. Алда соны қайтадан көтерсем деген ойым бар. Алматы қаласының қазіргі атауы қалыптасып қалғандықтан бұрынғы атауы туралы мәселе көтеріліп жатқан жоқ, әзірге. Бірақ бұрындары орыс және ағылшын тілінде Алма-Ата деп аталған. Солай атау туралы мәселені келешекте көре жатармыз. Менің ойымша Алматы 10-15 жылдан кейін ескі атауын алатын шығар» деп түпкі ойынан әлі айнымағанын аңғартты. Кіші Палатаның табалдырығын алғаш аттаған Алматының экс-вице-мэрі талай жылдар бойы қоныстанған қаласына деген сағынышы барын жасырған жоқ. «Алматыға деген сағыныш бар. Себебі Алматы біздің сүйікті қаламыз ғой. Жолдың түсуіне байланысты жиі барып тұруға тырысамын», - дейді ол.
Ж.ҚАРЖАН
"Халық сөзі" газеті