Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3203 0 пікір 6 Наурыз, 2013 сағат 04:06

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы - аты бар да, заты жоқ ұйымның басшысы Мамашев орнын босатсын!

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» ұйымы құрылып, оған үкімет жағынан шетелдегі 5 млн. қандасымызды ата жұртына әкелу жөнінде үлкен міндет жүктелген еді.

Жалпы, жат жұрттағы қандасымыз немесе оралман қауымы болсын, дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйін - ата жұртқа жол бастайтын, көшіп келгенде мауқын басатын үлкен баспанасы ретінде қарайды. Сөйтіп, келген қандастарын бұл ұйым өз бауырына баса алып отыр ма? Жоқ! Жатсыну бар, менсінбеу бар, кеудеден итеру бар.

Бұл ұйым Қалдарбек ағаның кезінде оралмандар үшін азды-көпті жұмыстар атқарғанымен, қазіргі кездегі қауымдастық басшысы Талғат Мамашев мырза үкіметтің оралман үшін жұмыс істеуге салып берген ғимаратын, сауда-саттық үйіне айналдырып жіберген. Ұйымға қарасты қонақ үй, асхананың бағасы шарықтап тұрғандықтан, оралмандар еш игіліктене алмай келеді. Әрі оралмандар құрған бірқанша ұйымдар осы қабаттан қуылып тынған. Тіпті осы ұйымда жұмыс істейтін оралман ағайындарымызды да Талғат көкеміз тоқтатпағанға ұқсайды. Ал осы ұйымның жертөлесіне сауна (жын-ойнақ) ашып қойған.

Ұйым ғимаратын саларда өкімет қаржы бөлген, оралмандар да қаржы шығарған (керек болса атын атап бере аламыз). Көші-қон және оралманға қатысты жұмыс істейтін мекемелер жемқорлық былығына батқан, басшылары біліксіз, оралман алдында абыройын жоғалтқан адамдар. Бұрынғы көші-қон коммитетінің төрағасы Қабылсаят мырза «Монғолиядан келген қазақтардың 98% сауатсыз» - деп жұмысмен қош айтысса, қазіргі қауымдастық төрағасы Талғат Мамашев мырза: «Қазақия» газетінде «Оралмандарды саясатқа араластыруға болмайды» - деп лауазымына лайық емес сөз айтып, тіпті үлкен бір отырыста «Оралманды ұрғаным бар» - деп, айды аспанға бірақ шығарғаны тағы бар. Енді осындай басшыларға баға беріп көріңіз.

Қауымдастық шетел қазақтарның кітаптарын басып шығарарда тиражын 2000 дана деп көрсетеді. Ал, іс жүзінде ол 500 данадан аспайды. Айта берсек сөз көп.

Ендігі талабымыз - шетел қазағымен жұмыс істей алмайтын біліксіз басшы орнын босатып, жат жұрттағы 5 млн. қандастарымыздың мұң-мұқтажын түсінетін, ұлтшыл, мемлекетшіл азамат «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына» басшы болып келуі тиіс.

Құрметпен,

Сапыұлы Еркінбек, Сонар Жарқын

05.03.2013 жыл

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366