Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3587 0 пікір 20 Мамыр, 2009 сағат 05:42

Бішкекте «Азаттық» радиосы тыңдаушыларының наразылық акциясы өтті

Алматы. 18 мамыр. ҚазТАГ – 18 мамырда Қырғызстан астанасы Бішкекте «Азаттық» радиосының Қырғызстандағы қызметі -  «Азаттық» радиосы тыңдаушыларының наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды «Ферғана.ру». Олар республика билігінен мемлекеттік телерадиокорпорацияның эфирі арқылы ақпараттықтың балама көзі ретінде «Азаттықтың» радио және телебағдарламаларын таратуды қалпына келтіруді талап етті.
М. Горький атындағы бақта өткен наразылық акциясын қолдауға Қырғызстанның оппозициялық саясаткерлері - Өмірбек Текебаев, Болот Шерниязов, Дуйшонкул Чотонов, сондай-ақ, құқық қорғаушылар Динара Оширахунова мен Азиза Абдурасуловалар келді.
«Азаттық» радиосының қырғыз қызметінің радио және телебағдарламаларын мемлекеттік телерадиокорпорацияның толқынында тарату қаржылық қиындықтарға байланысты 2008 жылдың қазанында мемлекеттік телеарна басшылығының шешімімен тоқтатылған болатын.
Ал «Азаттық» радиосы басшыларының мәлімдеуінше, мемлекеттік шенеуніктер «Азаттықтың» бағдарламаларын алдын ала цензурадан өткізбек. Олардың айтуынша, мемлекеттік телеарна «Азаттық» радиосы бағдарламаларының мазмұнын алдын ала қарау мен тыңдау талабын қойған.
«Азаттық» радиосының қырғыз қызметінің басшылығы билікпен ымыраға үміттеніп, «Ферғана.ру» ақпарат агенттігі хабарлағанша, бұл оқиға туралы 2008 жылдың соңына дейін жарияламай келді.

Мемлекеттік телерадиокорпорацияның кең техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып «Азаттық» радиосының қырғыз қызметі ақпараттың балама көздері шектеулі болып табылатын елдің қашық аймақтарына ақпарат жеткізе алатын.
«Азаттық» радиосының қырғыз қызметі мемлекеттік телерадиокорпорацияның эфирі үшін ең жоғары баға бойынша төлеп келіп, эфирге қазіргі билікті сынаған материалдарды беретін. 2005 жылдың наурызында Қырғызстанда жаңа биліктің орнауына «Азаттық» радиосы ықпал еткен, үш жыл өткен соң бұл билік те осы радиоға қатысты Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың режимі пайдаланып келген тактиканы қолдана бастады», - деп атап көрсетеді агенттік.
«Азаттық» радиосы қазіргі кезде жеке меншік радиостанциялардың эфирін жалға алып, FM диапазонда хабар таратады, сондай-ақ, дәстүрлі ультрақысқа толқындарды пайдаланады.
«Азаттық» радиосының қырғыз қызметінің тарихы 1953 жылы бастау алады. Бұл аймақтық қызмет «Азаттық» халықаралық радиосының жиырмадан астам қызметінің ішіндегі алдыңғы қатардағы қызмет болып табылады. «Азаттық» радиосының  Бішкектегі кеңсесі аймақтық болып табылады, онда радионың өзбек және түркменстандық қызметтері де орналасып, хабар таратады, өйткені бұл елдердің билігі кезінде «Азаттық» радиосын өз аумағынан қуып шыққан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502