Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4021 5 пікір 5 Қаңтар, 2023 сағат 14:31

Депутат: «Дикий Арман» - Алпамыс батыр емес!

Бүгін Қазақстан Мәжілісі бүр күндік жұмысын «Қаңтар оқиғасына» арнады. Арнайы тыңдалым өткізді. ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжіліске келіп, баяндама жасады. Бұл туралы егжей-тегжейлі жаздық.

Аталған алқа-қотан жиында Мәжіліс депутаты, ақын Аманжол Әлтаев «Дикий Арман» лақап атымен елге танылған Арман Жұмагелиев ісіне қатысты сөз сөйлепті. «Дикий Арманнан Алпамыс жасаудың керегі жоқ», - дейді.

Мәжіліс депутатының сөйлеген сөзін қаз-қалпында оқырман талқысына ұсынбақпыз...

Аманжол Әлтаев:

- «Қаңтар трагедиясы» туралы алып-қашпа пікірлер қалыптасып, оқиғаның шындыққа жанаспайтын түрлі нұсқалары таралуда. Нәтижесінде сол ортаның қолдан жасалған жалған қаһармандары пайда болды.

Тентектен – тұлға, арандатушыдан – батыр, сотқардан – сардар, қылмыскерден – қаһарман жасағысы келетін әділетсіз әрекеттер етек алып барады. Бұған «Қаңтар оқиғасына» дейін де заңға қайшы әрекеттерімен танылған «Дикий Арманды» мысалға келтірейін.

Әлеуметтік желілерде оның жағымды бейнесін жасауға тырысып, жазықсыз қамауға алынды деген секілді негізсіз, пәтуәсіз пікірлер қалыптастырып, «Дикий Арманнан» Алпамыс жасауға тырысуда. Мұндай қой терісін жамылған қасқырдың кейпіндегі жасанды батырсымақтың бейнежазбалары вирус секілді бірден таралып кетуде. Ал осындай жалған жарнамаға құрылған ақпараттық шабуылдар жас ұрпақтың санасына соққы болары сөзсіз. Соның салдарынан жастардан «Осы заманның батырлары кім?» деп сұрасаң, өрт ішіндегі өрімдей бала мен кейуана әжені құтқарып қалған, ерен ерлік көрсеткен Асқар секілді жаңа заманның батырларын емес, топ құрып, тісін жасырған «Дикий Арманды» атаса таңғалмаңыз. Міне, біз бүгінгі жас ұрпақты тәлімі теріс, сырты бүтін, іші түтін «Дикий Армандарға» еріп кетуден қорғауымыз керек.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371