Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1618 2 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 15:21

Вандалдарға жаза күшейді

Қазақстанда вандализм мен жеке мүлікті бүлдіргені үшін жаза күшейіп, тиісті заң жобасы бекітілді.

Биыл 3 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

«Мұнда біріншіден, вандализм қылмыстық бабының диспозициясы анықталды (Қылмыстық кодекстің 294-бабы), оның нормалары «ҚР Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес келтірілді. Сондай-ақ, осы құқықбұзушылықтар үшін санкциялардың төмен шегі белгіленді. Енді заң бұзушыға ең төменгі сома – 172 мың теңге немесе 50 АЕК қаралған», - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев .

Екіншіден, бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ӘҚБтК-нің 147-1-бабы), яғни залал 200 АЕК-тен (690 мың теңге) аспайтын жағдайда да қолданылады.

«Үшіншіден, ұсақ бұзақылықтың әкімшілік бабының (ӘҚБтК-нің 434-бабы) диспозициясына «Көліктегі немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру» және оның құқықбұзушылықтары үшін санкциялар ұлғайтылды. Төртіншіден, Қылмыстық кодекстің 294-бабының (вандализм) жаңа редакциясын ескере отырып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 448-бабына сәйкес келтірілген, бұл кәмелетке толмағандардың вандализмі», - деді ІІМ өкілі.

Abai.kz

2 пікір