Министр: "McDonald's-тың кетуі - ет өңдеу саласында мәселе барын көрсетіп отыр"
McDonald's біздің нарықтан біржола кетпеді, дейді Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.
«Біздің нарықтан басқа фастфудтар кетіп жатқан жоқ, яғни осында Burger King, Hardee's секілді компаниялар бар. Атап айтқанда, McDonald's бүкіл өнім жеткізу тізбегіне өте жоғары талаптар қойып отыр. Бұл тұрғыда біздегі ет өңдеу саласында мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Бірақ бұл тек ет өңдеу өнеркәсібінде ғана емес, барлық ауыл шаруашылығына қатысты. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытумен қатар, мұндай маңызды жобаларды да ескеру керек», - деді С. Жұманғарин Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, осы және басқа да мәселелерді шешу үшін негізгі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізу жоспарланып отыр.
«Бізде бұл мәселелерге қатысты тиісті шешім бар, оларды ұзақ мерзімді деп айта алмаймын. Жалпы түрлі органдардың өзара іс-қимылын қайта қарау керек. Қолдау құралдары осы процестің маңызды бөлігі болып отыр. Мен өзім компания басшылығымен (McDonald's) пікір алмастым. Бұл мәселемен Ауыл шаруашылығы министрі де айналысты. Біз жан-жақты қолдау көрсетуге дайын болдық. Бірақ компанияның өзі мұны қаламады, өйткені репутациялық тәуекелдер болды. Дегенмен McDonald's біржола бізден кетті деп айта алмаймын. Қазақтан нарығы қалай болғанда да тартымды болады, біз қандай да бір санкцияға түскен ел емеспіз», - деді министр.
Abai.kz