Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1808 1 пікір 13 Қаңтар, 2023 сағат 12:52

Cенат сайлауы: Қанша кандидат үміткер?

Қазақстанда сенаттағы 20 орыннан 55 кандидат үмітті. Оларды 3168 мәслихат депутаты сайлайды. 12 қаңтарда орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде ОСК жетекшісі Нұрлан Әбдіров осылай деп мәлімдеді.

Бұл жөнінде "Власть" сайты жазды. "Сайлау комиссиялары берген мәліметке сүйенсек, сайлау бюллетеньдеріне жалпы 55 кандидат енгізілген. Алматыдан – 4 кандидат, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының әрқайсысынан екі кандидат қатысады. Қалған аймақтар мен Шымкент, Астана қалаларынан үш кандидаттан қатысады" деді Әбдіров.

Сайлаушылар тізімінде 3 168 мәслихат депутатының аты-жөні бар. Олардың басым бөлігі Түркістан (317) және Қостанай облысынан (263).

Қазақстанда парламент сенатына депутат сайлау 14 қаңтарда өтеді. Сенатқа 17 облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан жиыны 20 депутат сайланады. Сенат депутатын сайлау жанама сайлау жолымен өтеді, яғни жоғарғы палата депутаттарын халық емес, жергілікті мәслихат депутаттары сайлайды.

Бұған дейін кандидат болып тіркеле алмаған кемі үш белсенді конституциялық құқығы бұзылғанына шағымданып, сайлау комиссиясын сотқа берген. Айтуларынша, кандидат болуға Конституцияда құқығы бар, бірақ басты заңнан төмен "Сайлау туралы" заңда шектеу қойылған. Билік органдары бұған реакция білдірмеді.

Abai.kz

1 пікір