Сенбі, 23 Қараша 2024
2597 4 пікір 13 Қаңтар, 2023 сағат 12:56

Назарбаевқа қызметтік саяжай мен пәтер ғана берілуі тиіс

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы мәртебелерімен байланысты кеңсе, резиденциялардың тағдыры қалай болатынын түсіндірді.

«Елбасы кеңсесі, Елбасы кітапханасы, резиденцияларының тағдыры не болады? Алматы облысындағы ауылындағы мүліктер мемлекет меншігіне қайтарыла ма?» деп сұрады журналистер министрден.

Азамат Есқараевтың сөзіне қарағанда, Президент туралы заң бойынша енді Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекет тарапынан қызметтік саяжай мен пәтер ғана тиесілі болуы мүмкін.

«Бұл мәселе бүгін күшін жоюға ұсынылған заңда көзделген. Елбасы туралы заң күшін жояды. Сондықтан, заңнамада көзделген тәртіппен осы кеңсе, тағы басқа мәселелер жан-жақты қаралады. Ал резиденцияларға келсек, экс-президентке мемлекеттік саяжай көзделуі мүмкін. Сондықтан бұл заңнама шеңберінде шешіледі. Сіздер айтып тұрған Елбасы кеңсесі мен Тұңғыш Президент кітапханасы туралы да заң тәртібімен тиісті шешім шығарылады», - деді Әділет министрі.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434