Сенбі, 23 Қараша 2024
2027 4 пікір 13 Қаңтар, 2023 сағат 12:54

Ресей: 30 жасқа дейінгілерді әскерге шақырамыз

Ресей мемлекеттік думасы Қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Картаполов 2023 жылы көктемде 30 жасқа дейінгі жастарды армияға шақыру жоспарланғанын хабарлады. Картаполов сұқбаты "Парламентская газета" басылымында жарияланды.

"Көктемгі әскерге қабылдау науқанына дейін әрбір әскери комисариат қанша адам жаңа талапқа сай келетінін анықтауы тиіс. Сосын осы мәліметті әскери мақсатқа алмастырады", – деді Картаполов.

Депутаттың айтуынша, әзірге әскерге қабылдау жасын көтеру туралы мәселе көтеріліп отыр. "Әскери комиссариатта 21 мен іқ жас аралығында әскерге бармаған 100 адам бар делік. Мақсат - 200 адам. Ендеше, жартысын 18 жастағылар, қалғанын 21 мен 30 жас аралығындағылар толтырады".

Картаполов әскерге қабылдау жасын өсіру кезең-кезеңмен жүретінін айтты. Оның пікірінше, бұл процесс бір жылдан үш жылға дейін созылуы мүмкін.

"НАТО кеңкөлемді соғыс бастаған жағдайда, бізге әскери білімі бар резерв қажет болады. Бізде он адамның біреуі ғана армияға барған, он адамның тоғызы армияда болмаған. Олар қандай резерв бола алады? Осының бәрін өзгерту қажет: әскери жиындар өткізіп, жастарды ДОСААФ жүйесінде оқыту керек", - дейді депутат Виктор Соболев.

21 желтоқсанда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинге әскерге қабылдау жасын өсіруді ұсынған. Путин оны қолдаған. Ресейде жастарды армияға қабылдау науқаны 2023 жылы 1 сәуірде басталып, 15 шілдеде аяқталады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434