Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
2378 1 пікір 18 Қаңтар, 2023 сағат 12:36

Қазақстанда визасыз жүру мерзімі қысқарды

Қазақстан шетелдіктерге елге кіру ережесін қатайтты. Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, иммигранттардың елде визасыз жүру ережесіне өзгеріс енгізілді.

Атап айтқанда, иммигранттар Қазақстан аумағында шекараны кесіп өткеннен бастап визасыз 30 күнге дейін ғана жүре алады. Осыған дейін 90 күнге дейін бола алатын. Жиынтығы - 180 күнтізбелік күннің 90 тәулігі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары Қазақстан аумағында 180 күннің ішінде 90 тәулік ғана бола алады.

Осылайша елде болу уақытын заңдастыру үшін шекарадан шығып, қайта кіруге рұқсат етілмейді. Жаңа ереже 26 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ресейде былтыр күзде мобилизация жариялағалы бері әскер жасындағы азаматтардың көбі Қазақстанға өтті. ФСБ шекара қызметінің мәліметінше, былтыр үшінші тоқсанда Қазақстанға 1,3 миллион ресейлік өткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1060
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2607
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 740
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 702