Сенбі, 23 Қараша 2024
1822 2 пікір 18 Қаңтар, 2023 сағат 14:55

"Франциямен жасалған құжаттың Әблязовке қатысы жоқ"

Бүгін Парламент отырысында «Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылдады.

Бас прокурордың орынбасары Ә. Шындалиев бұл құжатта істі болған адамдарды беру немесе экстрадициялау ескерілмегенін айтады.

«Шарт тек құқықтық көмек көрсетуді қарастырып отыр. Бұл тұрғыда тергеу амалдарын жүргізу, тінту сияқты іс-шаралар ескерілген. Сондықтан қылмыстық жауапқа тарту үшін адамдарды экстрадициялау аталған құжатта қамтылмаған. Атап айтқанда, осы шарт Әблязовке қатысты емес. Мұндай құжаттарды осыған дейін 29 мемлекетпен бекіткен едік. Бұл шарт нақты бір адамға арналмаған», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Осы орайда ол істі болған адамдарды алдыртуға қатысты жеке шарттар бар екенін еске салды. Бұл құжат аясында елге қайтару талаптары болады

«Мұндай шартты Франциямен арада бекітпедік. Егер аталған шартсыз біз экстрадиция туралы сұрау жолдасақ, өз кезегінде Франция бұл сұрауға қандай жауап беретінін өзі қарастырады», - деді ол.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435