Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1658 2 пікір 20 Қаңтар, 2023 сағат 23:14

Қаңтар оқиғасын зерттеуші фирма: "Қаржы көзін атай алмаймыз"

Бүгін Алматыдағы Intercontinental қонақ үйінде  Ұлыбританиялық тәуелсіз комиссия өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Қаңтар оқиғасы және Жанболат Мамайдың ісін зерттеумен айналысып жатқан Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Кен Макдональд (Lord Macdonald KT KC of River Glaven), халықаралық құқықтық көмек көрсету компаниясы Bindmans LLP жетекшісі Тайаб Али, Ұлыбритания парламент депутаты Роберт Бакленд шақырылған. Сондай-ақ бірқатар журналистер қатысып, сұрақтар қойды.

Тілшілер тарапынан қойылған «Қаңтар оқиғасын зерттеуге кім қаржы бөліп отыр?» деген сұраққа Bindmans LLP фирмасының жетекшісі Тайаб Али қаржының кім беріп отырғанын айта алмайтынын жеткізді.

«Біздің қызметімізге кімнің қаржы құйып отырғанын дәл қазіргі уақытта жариялай алмаймын. Неге екенін түсіндірейін. Осы зерттеумен айналыса бастаған уақытта бұл істің өте «нәзік» тақырып екенін білдім. Зерттеуге қатысып жатқан адамдарға айтарлықтай төнер қауіп-қатер бар. Сондықтан олардың бас амандықтарын ойлап, аты-жөндерін мәлім етпейміз деген келісім жасалды»,-деді ол.

Оның айтуынша Bindmans LLP фирмасы көпшіліктің сеніміне ие болған, абыройлы компания.

«Қаржыландыру көзіне келсек, Ұлыбритания мемлекеті ақшаны жылыстату қылмысына өте қатаң тәртіппен қарайды»,-деді ол журналистің сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ Тайаб Али зерттеудің нәтижелері толықтай ашық жарияланатын айтты.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5399