Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2819 0 пікір 23 Қаңтар, 2023 сағат 13:47

Италияда қаза болған студенттің мүрдесін елге жеткізуге Үкімет қаражат бөледі

Италияда көлік қағып кеткен қазақстандықтың мүрдесін елге жеткізуге мемлекет қаржы бөледі. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Шетелде қиын жағдайға тап болған еліміздің азаматтарына көмек көрсету мақсатында Сыртқы істер министрлігінде тиісті қаражат қарастырылған. Осы орайда Қазақстан азаматтарына қатысты шығындарды мемлекет өтейді. Жақында Италияда біздің елдің азаматын көлік қағып кетіп мерт болды. Бұл қайғылы оқиға бойынша туыстары бізге өтініш жасаған болатын. Қазір марқұмның мүрдесін Қазақстанға жеткізуге қаражат бөлініп жатыр. Бұл тұрғыда тиісті құжаттар рәсімделеді», - деді А. Смадияров.

Айта кетейік, жақында Италияның Салерно қаласында 27 жастағы Әсем Жарбосынды көлік қағып, қаза тапты.

Аталған елдің жергілікті БАҚ таратқан мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға Салерно қаласында болған. 17 қаңтар күні Peugeo көлігін басқарған 20 жастағы жүргізуші Джузеппе Верди опера театры маңындағы жаяу жүргіншілер жолында студентті қағып кеткен.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2490
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651