Сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды
Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының баспасөз қызметі.
«Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады» делінген хабарламада.
Гүлмира Кәрімова 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болды.
2023 жылы 14 қаңтарда өткен Сенат сайлауында Солтүстік Қазақстан облысынан Жоғарғы Палатаға депутат болып сайланған болатын.
Abai.kz