Сенбі, 23 Қараша 2024
3050 3 пікір 1 Ақпан, 2023 сағат 12:04

АҚШ Ресейді ядролық қор келісімін бұзды деп айыптады

АҚШ Мәскеуді Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы шарт ережелерін орындаудан айнып, тексеруге рұқсат бермей отыр деп айыптады.

АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдемесінде "Ресейдің тексеру қызметіне көмектесуден бас тартуы АҚШ-қа келісім бойынша маңызды құқықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді және Америка мен Ресейдің ядролық қаруды бақылау мүмкіндігіне қатер төндіреді" деп жазған.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің айтуынша, Ресейдің әлі де шартқа оралуына мүмкіндігі бар. "Вашингтон онымен бұрынғыша шарт бойынша жұмыс істеуге дайын" деді департамент өкілдері.

Мәскеу мен Вашингтон New START келісімі бойынша тексеруді жалғастыру туралы келіссөзді қарашада жүргізуі керек болған. Бірақ Ресей кездесуді шегерген және тараптар әлі күнге дейін жаңа мерзім белгілеген жоқ.

Reuters-тің жазуынша, аталған шарт қырғиқабақ соғысы аяқталғалы бергі екі елдің ядролық қаруын бақылауға арналған маңызды тетік саналады. New START 2011 жылы күшіне енген және 2021 жылы тағы бес жылға созылған. Ол АҚШ пен Ресейдің ядролық оқтұмсықтарының санын шектеп отырады.

Ресей мен АҚШ-тың ядролық арсеналы әлемдегі ядролық оқтұмсықтардың жалпы санының 90 пайызындай болады. Ресейдің Украинаға басқыншылығы басталғалы бері Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасы кейінгі 20-30 жыл ішінде болып көрмеген төмен деңгейге түсті. Бұл Америка президенті Джо Байден әкімшілігіне Ресеймен арадағы келісімдерді сақтап, жалғастыруды қиындатып жіберуі мүмкін.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377