Сенбі, 23 Қараша 2024
1696 0 пікір 1 Ақпан, 2023 сағат 12:08

Ұлыбритания ресейлік миллиардер Абрамовичтің ақшасын Украинаға бермек

Chelsea soccer club owner Roman Abramovich, right, attends the UEFA Women's Champions League final soccer match between Chelsea FC and FC Barcelona in Gothenburg, Sweden, Sunday, May 16, 2021. (AP Photo/Martin Meissner)

Ұлыбритания үкіметі Ресей миллиардері Роман Абрамовичтің "Челси" футбол клубын сатқаннан түскен 2,3 млрд фунт қаражатты Украинадағы соғыс құрбандарына арналған қорға аудармақшы. Бұл жөнінде үкіметтегі дереккөзге сүйенген The Telegraph басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, билік Еуроодақтың мақұлдауын күтіп отыр, себебі Абрамович ЕО санкциясына ілінген. Түпкілікті шешім шығаруға бірнеше апта кетуі мүмкін.

Ақпарат құралдарының жазуынша, қор құру идеясын Абрамовичтің өзі айтқан. Былтыр наурызда миллиардер Украинадағы соғысқа байланысты санкцияға ілінген.

"Челси" клубын сатуға қатысты келісім былтыр жыл басында жасалып, мамырда аяқталды. Клуб америкалық инвестор Тод Болидің жетекшілігімен 4,25 млрд фунтқа сатылды. Қаражат арнайы есепшотқа салынып, бұғатталды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377