Былтыр Өзбекстаннан елімізге 300 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды
2022 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға жөнелтілген қаржы көлемі көш бастап тұр. LS-ның жазуынша, бұдан басқа, елімізден Түркияға, Ресейге, Қырғызстанға және Грузияға белсенді түрде ақша аударымдары жасалған екен.
Өзбекстанға 289,5 млрд теңге ақша аударымы жасалған, әсіресе тамыз айында ең көп, яғни 38,1 млрд теңге аударылған. Дегенмен 2021 жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда бұл қаражат 1,6 млрд теңгеге аз.
Екінші орында Түркия мемлекеті тұр. Бір жыл ішінде Қазақстаннан жіберілген қаражаттың жалпы сомасы 271,3 млрд теңгені құрады. Күз үш айында аударылған ақша 86,9 млрд теңгеге жеткен.
Үшінші орынды Ресей иеленді. Солтүстіктегі көршіге бір жыл ішінде 195 млрд теңгеден астам қаржы аударылған. Маусымда 22,5 млрд теңге, қарашада 23,1 млрд теңге жөнелтіліп, осы екі айда ақша аудару ерекше қарқын алған.
Сондай-ақ Қырғызстанға – 73,8 млрд теңге, Грузияға – 70,6 млрд теңге аударылды.
Ал Қазақстанға былтыр ең көп қаражат Ресей мен Қырғызстаннан аударылған. Әсіресе Ресей Украинаға жорығын бастағаннан кейін ақша аударымдары қарқынды жүрген. Ресейден Қазақстанға ақша жөнелтудің рекордты кезеңі маусымға (66,8 млрд теңге) және шілдеге (54,6 млрд теңге) сәйкес келеді.
Екінші орынға Қырғызстан жайғасыпты. 2022 жылдың I тоқсанында Қырғызстаннан транзакциялар көлемі Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Оңтүстік Кореядан төмен болды. Бірақ сәуір айынан бастап Қазақстанға аударымдар саны өсе бастады. Бұл елден ең көп ақша, 17,7 млрд теңге, тамыз айында келді.
Сондай-ақ күз айларында Қазақстанға Өзбекстаннан ауқымды қаржы аударылды: қыркүйек айында – 6,2 млрд теңге, қазан айында – 7,5 млрд теңге, қараша айында – 6,6 млрд теңге.
АҚШ пен Оңтүстік Корея ақша аударымдарында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Сәуір айында Америкадан 8,3 млрд теңге, Оңтүстік Кореядан 5,9 млрд теңге түскен.
Abai.kz