Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2545 2 пікір 3 Ақпан, 2023 сағат 13:38

"Байтақ" Respublica-ны блогерлердің "соляркасы" әрі кофесүйгіштер деп атады

Бізді блогерлердің "соляркасы" және кофесүйгіш Respublica-мен (жаңадан құрылған саяси партия) шатастырудың қажеті жоқ. Жаңадан құрылған "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай елордада өтіп жатқан партияның сайлау алдындағы съезінде осылай деді.

Оның айтуынша, партияның құрылғандағы мақсаты — елдегі экологиялық проблемаларды көтеру.

«Біз тек экологтардың басын біріктіріп қана қоймай, табиғаттың күйіне алаңдайтын адамдарды бір арнаға тоғыстырғымыз келді. Барлық өңірде өкілдіктерімізді құрдық. Арал, Семей мен елдің батысындағы экологияны ластайтын қалдықтар проблемасына басты назар аударамыз. Бізді блогерлердің "соляркасы" және кофесүйгіш Respublica-мен шатастырудың қажеті жоқ, - деп атап өтті партия төрағасы.

Сондай-ақ ол экология мәселесіне тоқталды.

«Ауамен бай да, кедей де тыныс алады. Бүгінде СО2 қалдықтары ауаны ластап, халықтың денсаулығын құртуда. Өмір сапасы да төмендеп барады. Атап айтқанда, Теміртау, Алматы, Өскемен қалалары мен Жамбыл және Атырау облыстары қатты зардап шегуде. Осы өңірлердегі 4 млн-нан астам адам аллергияға шалдыққан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауаға шығарылатын СО2 қалдықтарын 2060 жылға дейін 0-ге дейін азайту туралы тапсырма берді. Осы мақсатқа жету үшін бұл мәселемен айналысуды бүгіннен бастап қолға алуымыз керек», - деді Азаматхан Әміртай.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371