Қазақстанның ең ықпалды адамдары кімдер?
Саясаттанушы Ербол Еділов Қазақстандағы ең ықпалды адамдарды топтастырыпты. Өзінің телеграм арнасында «2022 жылдың 3-4 тоқсанында Қазақстандағы ең ықпалды адамдар кім болды?» деген сұраққа жауап жазған. Ол оқырмандардан алған сауалнама нәтижесінде осындай тізім жасап шыққан.
Еділовтың алғашқы ондық көшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған. Екінші орынға Президент әкімшілігінің жетекшісі Мұрат Нұртілеу жайғасса, үшінші орынға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов орналасқан. Кейінгі кезекті Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев иеленіпті. Осылайша тізімді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, ҰҚК-нің төрағасы Ермек Сағымбаев, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Қазыхан, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Бас прокурор Берік Асылов жалғастырады. Келесі ондық тізім ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетовпен басталады. Оның ізін ала Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді орналасқан. Келесі орындарда жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев, «Kaspi.kz» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, Президент кеңсесінің басшысы бақытжан Сариев, Мемлекеттік күзет қызметі басшысы Сәкен Исабеков тұр.
Үшінші ондықта Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев, Жоғарғы соттың төрағасы Асланбек Мерғалиев, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіз кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Премьер-министрдің орынбасары Алтай Күлгінов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова орналасқан.
Abai.kz