Сенбі, 23 Қараша 2024
1547 1 пікір 6 Ақпан, 2023 сағат 13:32

Пияз тиеген 23 жүк көлігі Ресей шекарасында тұрып қалды

Қазақстан билігі пияз тиелген 23 үлкен жүк көлігін Ресей аумағына өткізбеді. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы арқылы Ресейге өтуді көздеген жүк көліктері Шымкент қаласынан, сонымен бірге Жамбыл және Түркістан облыстарынан шыққан.

Мәліметке қарағанда, шекарадан өтпей қалған жүк иелеріне қайтарылады немесе Қазақстанның басқа да орындарында саудаланады.

Бұған дейін хабарланғандай, Орталық Азия елдерінде жеміс-жидек пен көкөніс, соның ішінде пияз да, ауа райының күрт сууына байланысты үсіп кетіп жатыр. Соның салдарынан базарларда баға көтерілді. Соған байланысты Қазақстан 28 қаңтардан бастап пияз экспортын үш айға шектеді.

Шамамен екі апта бұрын Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлігі де пияз экспортына төрт айға уақытша шектеу енгізетінін хабарлады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401