Сенбі, 23 Қараша 2024
Дат 2258 3 пікір 9 Ақпан, 2023 сағат 13:07

Ауылдың мұңын қашан естисіз, әкім мырза?

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев мырза назарына!

Қызылорда облысы, Арал ауданының Қаратерең елдімекеніне қатысты жедел жәрдем көлігінің әбден ескіргендігі жөніндегі мәселені әлеуметтік желіде көтергеніме біраз болды.

Әлдеқашан нақты жауап берер кез  болғанымен, өкінішке қарай, мен парақшамда көтерген бұл мәселеге облыс әкімдігінен әліге дейін ешбір мемлекеттік қызметкер нақты жауап бермеді. Бұл бір!

Ауыл халқы «Қаратерең ауылы» деген әлеуметтік желі парақшасында осы мәселені оқтын-оқтын көтергенімен, аудандық аурухана бұған қатысты шығарып салма жауап берген. Бұл екі!

Енді сөздің төтесіне көшсек, жалпы халық мәселесін нақты шешпеу пиғылы-халық жағдайың одан әрі тығырыққа тірері  хақ. Өйткені шұғыл медициналық жәрдем көрсетілуі қажет сәбиді сапасы сын көтермейтін жедел жәрдем көлігі шамамен 180 шақырым қашықтықта орналасқан аудан орталығына бұзылмай жеткізеді дегенге еш кепіл жоқ! Бұл ретте мынаған назар аударған абзал!

Жақында ғана елордадағы билік өкілі өзіне бір ғана оқушының әдебиетке қатысты жолдаған челленджіне жауап беріп, оған лезде үн қатты. Ал мен тұтас ауылдың денсаулығына қатысты өзекті мәселені біраздан бері қозғап келемін. Салыстырмалы түрде алғанда, облыстағы жекелеген мемлекеттік қызметкерлер Қаратерең ауылы халқының жаңа жедел жәрдем көлігің уақытылы шешуге әлі қозғалар емес! Қашанғы ауыл халқы ескі жәдел жәрдем көлігімен азапты күй кешеді?!

Қашанғы ауыл халқы ол жүрмей қалғанда, жеке иелікті көлікті  жалдауға мәжбүр болады?! Сондықтан ауыл халқы жаңа жедел жәрдем көлігінің бізге нақты қашан бөлінетінін нақты жауаппен білгісі келеді. Кенеттен бір сәбидің немесе босанатын ананың хәлі нашарлап кетсе, анау тозығы жеткен жедел жәрдем көлігімен аудан орталығына қалай жеткізеді?

Әмірхан Алмағанбетов

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445