Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2283 2 пікір 10 Ақпан, 2023 сағат 10:35

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібермек

06 February 2023, Syria, Harem: Rescue workers and civilians conduct search and rescue operations in the rubble of a collapsed building following a magnitude 7.8 earthquake that hit Turkey and Syria. Photo: Anas Alkharboutli/dpa (Photo by Anas Alkharboutli/picture alliance via Getty Images)

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп жазды Үкімет сайты.

Отырыста жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1407
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2987
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1053
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 991