Сенбі, 23 Қараша 2024
1820 0 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 12:59

Тұрлыхановтың ұлының үстінен қылмыстық іс ашылды

ҚР еңбек сіңірген спортшысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Алматыда екі заңгерді соққыға жыққан. Бұл туралы жәбірленуші Анна Димитриевич әлеуметтік парақшасында жазды.

Айтуынша, Алматыда бір ғимараттың алдында ер адам қызды ұрып-соққан. Оны көрген адвокаттар Анна Димитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов араша түспек болады. Бірақ жігіт пен оның достары құқық қорғаушылардың өздерін соққыға алады. Олег Черновтың қабырғасын сындырып, Анна Димитриевичтің жағынан ұрған, қатты соққыдан құлаған ол қолын жарақаттап алған.

«Мен Олег екеумізді ұрып-соққан жігіттің кім екенін білемін. Оның аты – Нұрасыл. Ол Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екені белгілі болды. Дәулет Болатұлы – атақты адам, құрметті спортшы. Дәулет Болатұлы ұлына спортшыларға тән адамгершілік принциптерін сіңірген шығар деген үміттемін»,-деп жазды заңгер.

Сондай-ақ Анна Димитриевич өзінен ешкімнің кешірім сұрамағанын айтады.

Полиция болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Сондай – ақ, күдіктінің әскери қызметші екендігі атап өтілді, сондықтан іс материалдары қала прокуратурасына берілген.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502