Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2971 0 пікір 2 Сәуір, 2013 сағат 06:01

Ақылды әкім алды-артын ойлап жүрсе игі еді...

«Әр ұлт жауынгерлерінің қақтығысы». Бұл - жыл сайын Францияда өтетін тарихи, ортағасырлық соғыс өнерінің халықаралық жарысы. Әлгі жарыс осымен төртінші мәрте - мамыр айының 9-12 аралығында өтеді.

27 ел қатысатын сайысқа биыл Қазақстанның Павлодар, Петропавловск, Степногорск және Алматы қаласынан 7 адам тұңғыш рет барғалы отыр. Соның ішінде павлодарлық «Северная башня» деп аталатын қылыштасу клубы да бар. Бұл клуб Францияда өтетін жарысқа шақырту алғанымен, қаражат таппай осы уақытқа дейін қиналып жүріпті. Сөйтіп, «Маслница» діни мейрамы кезінде Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынға жолығып, қаржы мәселесін айтады. Әкім екі сөзге келмей, қаржылай жәрдем жасауға уәде беріпті. Енді міне, әлгі клуб Еуропадағы сайысқа бармақ.

«Северная башняның» жігіттері қандай ортағасырлық соғыс өнерін көрсетеді? Әлбетте, орыстың қылыштасу өнерін көрсетеді. Сонда біз кімнің өнерін қолдап, кімді халықаралық сайыстың аренасына шығарғалы отырғанымызды Арын мырза біле ме?

Білсе керек. Ерлан Мұхтарұлының туған халқы, мемлекет иесі - қазақтың соғыс өнеріне жетік болғаны тарихтан мәлім. Оған куә - мемлекет территориясы. Ал, халықаралық сайысқа қалтасына ақша салып беріп, «Северная башняны» жіберу - «қазақ соғыспаған халық. Оларда соғыс өнері деген болмаған. Соғыс өнеріне жетік орыс қазақты жаулап алған. Оның дәлелі -  «Северная башня». Оны Қазақстан өзі де мойындап, облыстық бюджеттен қаражат беріп, халықаралық жарысқа аттандырып отыр» дейтін әңгімеге ресми түрде жол ашу әрі қазақ халқының төгілген қаны мен ғасырлар бойғы Тәуелсіздік жолындағы қанқұйлы соғысын және сол соғыстардағы қақтығыстар мен жекпе-жектердің неше түрлі әдіс-тәсілін жоққа шығарып мансұқтау болса керек. Ең сорақысы, өзге бір елдің - Ресейдің соғыс өнерін Қазақстанда насихаттап, әрі клубтарына «Северная башня» деген отарлаушыларды меңзейтін ат беріп отырған команданы қолпаштау.

Әкім шынымен мұндай бастамаларды қолдайтын болса, қазақтың соғыс өнерін насихаттайтын және сонымен айналысатын клубтар құрылуына себепші болып, алдағы жылдары халықаралық жарысқа неге аттандырмасқа. Әлде Ерлан мырзаға орыс ұлтының алдында елпеңдей бер деген Астанадан арнайы бұйрық бар ма?

Керек десеңіз, Францияда өтетін жарыстың аты - «Әр ұлт жауынгерлерінің қақтығысы». Ал, Қазақстанда бір-ақ ұлт бар, әкім мырза. Ол Сіздің ұлтыңыз. Ол - қазақ! Сонда Павлодардағы орыс диаспорасы өкілдерінің орыстың соғыс өнерін Қазақстан атынан халықаралық сайысқа алып шығуға қандай қақысы бар? Орыстың соғыс өнері дамитын жалғыз елі бар. Ол - Ресей. Демек,  «Әр ұлт жауынгерлерінің қақтығысына» орыс ұлтының атынан ресейлік команда ғана қатыса алады. Ендеше, «Северная башня» жігіттеріне сол жаққа жол нұсқап жіберген жөн шығар. Себебі, Қазақстан орыстың отары емес. Патшалық Ресейдің әскери қамалдары да әлдеқашан қирап қалған. Осы елмен ағарып, осы елмен қараямын деген ниеттегі диаспора өкілдері болса, тұлыпқа қарап мөңіреуді қойғандары дұрыс. Ақылды әкім осыны неге ескермейді екен. Әлде елдің намысын жыртатын сайысқа қазақтың қабылан ұлдары табылмай қалып па?..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366