Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3488 21 пікір 27 Ақпан, 2023 сағат 10:40

Путин: Ресей ыдыраса, орыс жоқ болуы мүмкін!

«Егер Батыстың дегені болып, Ресей ыдырайтын болса, орыс халқы аман қалмауы мүмкін. Московиттер, уралдықтар т.б. боп бөлінеді», - дейді Ресей президенті Владимир Путин. Ол бұл пікірді «Россия-1» арнасындағы «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасында айтқан.

«Егер біз осы жолмен кетсек (Ресейдің ыдырауын айтады), онда көптеген ұсақ мемлекеттер пайда болады. Ол жағдайда барлығы өзгереді. Тіпті, орыс деген халықтың аман сақталуы екіталай. Московиттер немесе уралдықтар болуы мүмкін. Ал біртұтас халық ретінде аман қалмайды», - дейді Путин.

Ресей президенті: «Әлем жұрты, әсіресе АҚШ пен Батыс Ресейге жаулық көзқараста. Олар Ресейді ыдыратқысы келеді», - деген ескі риторикасын тағы қайталапты.

«Ресейді ыдырату жоспары қағазға түсірілген. Батыстың түпкі мақсаты осы. Мен мемлекетаралық қарым-қатынастарды, өзара серіктестікті барынша бейбіт қалыптастыруға тырыстым. Бірақ, жоспардың аты жоспар. Совет одағының ыдырауынан кейін әлемді өздеріне икемдеп алғысы келген Батыстың әрекетінің ақыры осы жағдайға әкеліп соқтырды. Біз реакция көрсетуге мәжбүр болдық», - дейді.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338