Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4460 0 пікір 3 Сәуір, 2013 сағат 04:45

Интернет-конференция: Дүкенбай Досжан

Дүкенбай Досжан көркем шығарма жазумен ғана шектелмей күнтәртібіндегі шетін мәселелерге де пікір білдіріп, көзқарасын танытып отыратын қаламгер. Үнемі жазу-сызудың үстінде, қаламын суытқан емес. Сондай сергектігіне орай біз жазушыны ашық әңгімеге шақырғанбыз. Қарсы болмады.

Сонымен, Интернет-конференциямыздың кезекті мейманы, жазушы - Дүкенбай Досжан. Қаламгерге қоятын сауалдарыңыз бен айтар ойларыңыз болса, мархабат.

Abai.kz

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжан 1942 жылы Жаңақорған ауданы Құланшы ауылында өмірге келген. Тырнақалды өлеңі мен мақаласы  «Қазақстан пионері», «Екпінді» газеттерінде 15 жасында жарық көрген. Бүгінде есімі қазақ әдебиетінде  әйгілі қаламгердің туындылары әлемнің 20-дан астам тіліне аударылып жалпы көлемі 7,7 миллион таралыммен тараған.  Дүкенбай Досжан 11 роман, 22 хикаят, жүзден астам әңгіменің авторы.   

Д.Досжанның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең. «Отырар» (1965), «Фараби» (1965), «Жібек жолы» (1973) хикаяттары мен романдарына тарихи оқиғалар арқау болса, «Зауал» (1970), «Кісі ақысы» (1978), «Дария» (1975), «Табалдырығыңа табын» (1980), «Жолбарыстың сүрлеуі» (1984) атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналған. Ұлы адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен «Мұхтар жолы» (1998), «Абай айнасы» (1994), «Алыптың азабы» (1997) романдары өз алдына бөлек топтама құрайды. Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық. Оның «Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі - Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990). Жуықта жазушының таңдамалы жүз әңгімесі «Мереке» баспа үйінен жарыққа шығуы қазақ әдебиетінің өрісін кеңіткен  елеулі құбылыс болып отыр.

«Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996). «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған. Д.Досжан Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы. Жазушының есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-ші томына, «Ұлттық энциклопедияның» 3-ші томына, «Абай энциклопедиясына», Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371