Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1982 0 пікір 3 Наурыз, 2023 сағат 16:41

Кандидаттар «Үміт» мүгедектерді қолдау орталығында болды

«AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының еңбек ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.  «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Мейіржан Отыншиев бастаған үміткерлердің қатарында Алмас Сақбаев, Жандос Нәдіров, Ұлан Іңкәрбеков, Айжан Бинали бар.

«Үміт» мүгедектерді қолдау орталығы 1997 жылы естімейтін азаматтардың күнделікті өмірде де, қоғамдық өмірде де кездесетін мәселелерін шешуге көмектесу үшін құрылған.

Алматыда мүмкіндігі шектеулі 55 мың адам тұрады. 332,5 мың алматылық халықтың әлеуметтік осал тобы (ӘҚҚ) санатына жатса, 26 мыңы АӘК алады.

Жиынды ашқан М.Отыншиев «AMANAT» партиясы мегаполистің барлық тұрғындары үшін, олардың физикалық немесе ментальді жағдайына қарамастан тең мүмкіндікті қамтамасыз етуге барлық күш-жігерін бағыттайтынын айтып, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы жайында мағлұмат берді.

Тағдырдың тәлкегіне түскен жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы. Қазіргі сәтте оларға қолдау көрсету еліміздің саяси міндетіне айналуда деген кандидаттар 2023 жылы әлеуметтік оңалту үшін ерте араласу орталығын ашу шарасы қолға алынатынын мәлімдеді.

– Жыл сайын кемінде 370 мүгедекті қымбат тұратын инновациялық техникалық оңалту құралдарымен (ТОҚ) қамтамасыз ету көзделген. Мүгедек жандарға арналған инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі қалалық бағдарламасын әзірлеу және бекіту шаралары қолға алынады, – деп түйіндеді сөзін Ұ.Іңкәрбеков.

– Жалпы, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылған тірлік жетерлік. Оларға жасалатын әрбір көмек еш уақытта толастамауға тиіс. Себебі, өмірдің тауқыметін тартса да,  басына түскен іске мойымай күн кешіп жүрген кемтар жандардың жайы қай кезде де алдыңғы орындарда болып, басты назарда болуы хақ, – деді кандидат Айжан Бинали.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366