Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 2602 11 пікір 10 Наурыз, 2023 сағат 11:54

Қытайдың қазіргі әдебиеті қай деңгейде?

Басы: Неміс жазушысы: «Қытайдың қазіргі әдебиеті - қоқыс...»

Жалғасы: «Қытай жазушылары шетінен арақкеш, жалқау...»

Жалғасы: «Қытайлық жазушылар көп жазған сайын нашар жазады»

16

Ваң Сяобо

«Сол күні мен өмірімнің алтын ғасырында жиырма бір жаста едім». Осы сөйлемді оқығанда жүрегім елжіреп кеткені әлі есімде. Ваң Сяобо – негізгі әдебиет әлемінде суық, ал халық арасында ыстық типтік жазушы. Өткен айда Синьхуа кітап дүкеніне барғанымда, бір қабырға толығымен Ваң Сяобоның еңбектерінің антологиясы екен. Оның оқырмандары аз емес, бірақ, әдебиет әлемінде оның есімі өте аз аталды. Біреулер ол туралы жақсы сөз айтпайды, не десе ол десін, біз оның шығармасына қараймыз, оның жазушылығы шынында да мықты.

Ваң Сяобо 40 жасында қайтыс болды содан кейін ғана танымал болды. Оның атақты шығармасы «Уақыт трилогиясын»: «Алтын ғасыр», «Күміс ғасыр», «Қола ғасыры» (шын мәнінде ол өлгеннен кейін жинақталып, жарық көрді). «Қара темір ғасыры» тағы бар. Мұның бәрі роман жинақтары. «Алтын ғасыр» бүгінгі күн туралы, «Күміс ғасыр» болашақ туралы, «Қола дәуірі»  өткен тарих туралы. Шығармалары бірінен бірі күшті. Оның эсселері де өте қызықты, соның ішінде «Көп санды адамдар үнсіз» және «Маверик шошқа» эссе жинақтары тамаша.

Сонымен қатар, Ваң Сяобоның әйелі Ли Инхэ өте танымал адам. Ол Ваң Сяобо мен Ли Инхэ арасындағы «Сені сүю өмірді сүюмен тең» деп аталатын ғашықтық хатын баспадан шығарды, оқуға тұрарлық.

17

Ши Тиешэң

Ол өмірінде «Мен және Жер» деп жазды емес пе... мен қатты сүйінетін жазушы. Ши Тиешэңның өмір мен қасірет туралы ойлары: «Менімен басқалар арасындағы қашықтық жарық жылдарымен өлшенеді», - деген.

Ши Тиешэңді оқығаннан кейін, менің қарапайым өмірімдегі азап мүлде ауыртпалық емес екенін сезіндім... Ол қайтыс болғаннан кейін жинақталып, жарық көрген «Күндіз Христан, түнде Будда» деп аталатын антологиясын ерекше ұнаттым. Оқыған адам тебіренбей қоймайды. «Тағдыр – қыл ішектей» романы керемет туынды – соқырлар үш ішекті шертер көтеріп, қиял-ғажайып таулар арасында жүріп, күн көруі суреттелген. Олардың пайымдауынша, соқырдың ойынша жіптердің белгілі бір санын үзгенде, оның көру қабілетін қалпына келтіретін рецепт табуға болады. Бірақ рецепт дегендері ақ қағаз болып шығады. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл ақ қағаз қашанда дүниеде қаңғып жүрген зағип жандарға қолдау көрсетіп келеді. Соқыр қарияның ұстазы 800 жіпті үзіп, оның өтірік екенін түсініп, өмірі аяқталуға жақын. Бірақ өмірдің жібін жалғайды, сол арқылы үмітпен күн кешеді, өмір шат-шадыман өтеді, сонда олар өтіріктің мәнін түсінді. Сөйтіп ол өтірікті соқырға тағы да шын деп айтып, 1200 таяқ сындырғанын айтады. «Тағдыр... жалған болса да, бар болуы керек, әйтпесе қыл ішек үзіледі, өмір бітеді».

18

Ваң Шуо

«Мені арандатуға кімнің батылы барады?» «Менің сені арандатуға батылым барды!» «Сонда бізді арандатуға кім батылы барады?!» оның сөздері осылай.  Мен Ваң Шуо туралы не жазарымды білмей ұзақ уақыт ойладым. Елдің пікірі екіге жарылады, оның шығармалары түкке тұрғысыз, бос, көңілсіз. Ал кейбіреулер оны сол дәуірдегі жастардың психикалық жай-күйі туралы жазған, оның әлеуметтік мәні зор деп есептейді. Оның шығармалары жаман емес, ол Қытайдың «ғасыр тоғысындағы» жазушысы. Кейбіреулер «Ваң Шуоның атасы Сэлинджер» деп мысқылдап айтады, қалай болғанда да Ваң Шуоның романдарын оқып отырып, ішек-сілеңіз қатып күлесіз. Оның шығармаларына қытай оқырмандары үйренбеген, сондай-ақ оны негізгі әдебиет орта әзіл-оспақ пен деконструкцияға толы деп әлі жақсы қабылдамаған. Ваң Шуо өз шығармаларында үнемі өзін мазақ етеді, бірақ ол өз-өзіне күлетіндерді жамандауға шыдай алмайды. Гао Сяосоңның айтуынша, ол Weibo-да селфи жариялай бастағаннан бері оған ұрысқандар аз болмады. Ваң Шуо өзінің кейінгі кезде өзгеріске ұшырағанын айта кеткен жөн. «Менің хитозым» атты шығармасын оқыңыз оқиғасы өте қызықты.

19

Фэн Джицай

Оның бойы 1,90. Қытайдың белгілі жазушыларының ішіндегі ең ұзын тұрасы осы кісі. Тяньцзиньдік жазушы, орта мектепте «Тяошань Гун» деген бір сабақты оқыдық емес пе, сол осы жазушының әңгімесі болатын. Оның атақты кітабы – «Жүз адамның он жылы» онда автор сол бір аласапыран он жылдықтағы жүз қарапайым адамның басынан өткен оқиғаны айтушының төл сөзін түгел жазып алып, күйбең тірлікті тамаша баяндайды.

Мен бұл кітапты үш рет толық оқып шықтым. Мәдени төңкерістің нағыз он жылдығын түсіндім, әсіресе сол дәуірден алыс біздің ұрпақ үшін бұл ең жақсы кітап. Кітап жақында баспадан шықты, қазір сатып алуға болады. Оған қоса, Оның «Әлемдегі бір түрлі адамдар» (жалғасы бар) атты өте қызықты кітабын ұсынамын, онда көптеген халықтық оғаш адамдар туралы айтылады және жазу стилі өте ерекше.

20

Лу Яо

«Қарапайым дүние» мен «Өмір» көп адамның өмірін өзгертті десек артық болмас. Біріншісі жақында телехикаяға икемделіп, халыққа қайта ұсынылды. Соңғысы қысқа болғанымен, құрылымы мен идеялық мазмұны жағынан басқа жазушылардан озық.

Универге түсу емтиханынан сүрінген бір оқушы, қара жұмысқа жегіледі, оның қолына сол кезде кездейсоқ Лу Яодың «Қарапайым дүниесі» түседі, оны оқып, қайтадан емтихан тапсырып бағы жанады. Осы студенттің сөзінен әдебиеттің адамдарға шынымен әсер ететініне сене бастадым. Тағы бір айта кететін жайт «Қарапайым дүние» оқиғасы адамдардың жүрегін елжіретеді, көптеген адамдар романнан өздерін тапты. Бұл роман туралы кейбіреулер – оның көркемдік ерекшелігі нашар деп сынайды. Көпшілікке ұнаған романның көркемдік ерекшелігі неге керек?

Жалғасы бар...

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420