Сенбі, 23 Қараша 2024
Амал мерекесі 1617 5 пікір 14 Наурыз, 2023 сағат 11:08

Наурыз - жер бетіндегі ең көне мейрам

Наурыз жер бетіндегі ең көне мейрамдардыңы бірі ғана емес әлем бойынша кең көлемде аталып өтілетін мерекелердің бірі. Бес мың жылдық тарихы бар бұл мейрам Мексика, Иран, Ауғанстан, Бирма секілді елдерде жоғары деңгейде аталып өтілсе, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Албания, Қырғызстан, Моңғолия,  Македония және Түркия елдерінде мемлекеттік мереке ретінде тойланады.

Наурыз сөзі — парсыша — ну — «жаңа», рыз — «күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа күн», «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді. Кейде оны «Ақ мерекесі», «сүт мейрамы», «төл ырысы» деп те атап жүр. Қазақта науқан және ырыздық деген сөз бар. Қазақ ұғымында бұл күні аспан жұлдыздары бастапқы нүктелеріне келеді. Күн мен түн, жарық пен қараңғы теңеледі. Қыс ызғары қайтады. Төрт түлік мал төлдейді. Адамдардың аузы аққа тиеді. Мал аузы көкке тиеді, жер бетіне шаттық орнайды. Көктем құстары келеді. Қысқы ұйқыдағы жануарлар оянады. Осындай қасиетті күнді қазақ «Ұлыс күн» деп атаған. Наурызды мереке ретінде тойлау дәстүрі жер бетіндегі халықтардың бір қыдыруының тұрмыс салтында бар әдет. Бұл үрдіс бағзы заманңан бері қарай жалғасып келеді. Қазақ халқы Наурыз күнін «Ақ түйе қарыны жарылған күн» деп ерекше қастерлейді. Наурызға жайылған дастархан да молшылығымен ерекшеленетін.

Астан бұрын және кейін аруақтардың жанына медеу болар деген ниетпен дұға бағышталған. 7 түрлі дәмнен әзірленген наурыз көже – мерекелік дастарханның міндетті де басты тағамы ретінде ұсынылатын. Осы күні ел ішіндегі дуалы ауызды батагөй, әулие ақсақалдарды арнайы дәмге шақырады. Не арнайы іздеп барып ақ батасын алады. Ол қарияларға шапан-шақтық жейде не тақия сыйға тартады. Қазақтың «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалы осы шындықты растайды. Өйткені қазақта наурыз күнгі тілек қабыл болады деген наным бар. Жақсы адамнан бата алсаң, жолың жақсылыққа оңғарылады деп ырым етеді. Сүйтіп, жақсы сөздің уыз батаның, ақ тілектің күшіне кәміл сенеді. Бата алған жастардың жүрегі қуанып, жылдар бойы көңілді жүреді. Қазақ наурыз мерекесін ұлыс тойын, үш күннен тоғыз күнге дейін жалғастырып тойлаған. Наурызды құт мейрамы немесе көктем мерекесі деп атаған.

Бастапқы үш күнде құт басы, ортаңғы үш күнді құт ортасы, соңғы үш күнді құт аяғы деп білген. Осы үш үштен тоғыз күнде үйіне қонақ көп келсе, ырысымыз тасыды, бағымыз жанды, адамдар арасындағы бет-беделіміз өсті, тілегіміз қабыл болды деп қуанған. Одан біз қазақ халқының өте қонақжай, кең пиғылды, дана халық екенін түсінеміз. Ол ғана емес-ау уақыт, өмір деген тағылымды дәстүрді өзінің әлеуметтік тіршілгімен қоса отбасындағы күнделікті тірлігіне айналдырып жіберген.

Қорытып айтқанда, Қазақстанда бұл мейрамға ерекше көңіл бөлінген, себебі ол елімізде өмір сүріп жатқан сан халыққа ортақ мереке. Наурыз мемлекет қолдауымен тойланады, демалыс жарияланап, барлық қалалар мен елді мекендер үлкен дүбірлі той орталығына айналады.

Бағлан Ташимов

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480