Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2350 0 пікір 11 Сәуір, 2013 сағат 05:26

Сырым Дат. Ислам әкә билеп жүр...

Соңғы кезде Орта Азиялық ірі мемлекет басшыларының денсаулығы туралы небір ақпарат қоқысы тарады. Әуелі Наурыз мерекесі қарсаңында  ауру туралы қаңқу қазақ президентін жағалады. Одан бері ол кісі  халықпен де кездесті, әлемдік ауқымдағы отырыстарды да бұрынғыдай еңсеріп, ештеңе болмағандай өз шаруасында жүр.

Сосын Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімов өлім халінде жатқандығы интернетті жайлады. Оны өзбек оппозициясы қосыла қопсытты. Анығына қазақтың Сыртқы істер министрі барғанда көзіміз жетті. Гүлнәр Кәрімқызының «әкем билеп жүр» дегені рас болып шықты.

Әрине, Өзбекстанға шұғыл барған қазақ министрі Кәрім аканы емдеп жіберді дегеннен аулақпыз. Бұрын тоңтеріс жүретін қазекең мен өзекеңді бауырластыратын әлдебір сыртқы күш бар секілденеді. Ол күш бұрынғы метрополия болып жүрмесін. Әлгі «ауру» мәселесі Наурыз мерекесі қарсаңында түркілердің бір біріне қыдырып мәре-сәре болысатын, бірлікті қолға алатын әңгімені көбейтер шағында туындауы да тегін емес.   Осындайда Наурызды жаңа жыл етпек болған үлкен сөзіміздің де жым-жырт болуына кім кедергі екені байқалады. Бірақ биыл қасақана  9 күн бойы наурыздатқан өңірлеріміз бой көрсетіп, оған Дүниежүзілік ІІ түркі форумының ұласқаны солтүстіктен соққан ызғарға қарсы көктемнің лебіндей есіп жатыр...

Бұған қоса, ұлы мерекеміздің қарсаңында Қазақстандағы «сепаратистік» әңгіме де көктен түскендей қоза түсті. Арасында шошаңдаған ешкі сақалдысы бар, ауық-ауық тайраңдап, әлденеге арандататындай күй кешіп әуре болады байғұстар.

Мұның бәріне әдетте жауап бере қоятын билігіміз де тым-тырыс. Шамасы, «ауразия одағының»  келешегі ауырлыққа ұшырап, әр кәлләнің басына түрлі ауыртпалық түсіріп жатқан сыңайы бар. Бізге қоқан-лоққы жасағансып, мұнайлы өңірдегі әлдебір әлем-жәлем топты көшеге шығарып көлбеңдетіп, арандатып бағуда.

Бірақ арандатуға біз де алаңдап отырмаған секілдіміз қолдан келген ойынымызды қоныштан баспасақ та, аңдысуға көшкендей сыңайымыз бар. 2008 жылдың тамызынан бері Ресеймен қырғиқабақ болып келе жатқан Грузиядағы ел ісі сеніп тапсырылған Әділ Тұрсынов мырзаның орнына толыққанды құзыретті елші болып Ақорданың «сандуғашы» болса да Е.Ертісбаев тағайындалды. Оның үстіне әлемдегі екінші ел болып отырған Қытай басшымызды алғашқылардың бірі болып қабылдады. Бұл да біздің тарапымыздан елдігімізді көрсеткен бір қадам дегенге сенейік.

Иә, айтып-айтпай не керек, сол тұсымыздағы көршінің талағы тарс айырылса да, іргеміздің дұрыстығы елдің ішкі бүтіндігі мен өзіне деген сеніміне қатысты. Сол сенімге бастайтын іргелі істер керек-ақ. Көп нәрсенің басын аштық, бастадық, соларды аяқтауға жазсын Жаратқан. «Сақтансаң - сақтармын!» деген.

Abai.kz

0 пікір