Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 3757 11 пікір 21 Наурыз, 2023 сағат 15:09

Тарих біздікі. Еліміз соны толық түсінбеуде!

«Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады»
II Екатерина
Орыс патшайымы.
«Чингисхан был казахом - исследователь истории Золотой Орды»
Владимир Белинский
 публицист, автор бестселлеров

«Страна Моксель, или Московия», «Москва Ордынская» и «Украина-Русь».

Знаменитый завоеватель Чингисхан был не монголом. Такого мнения придерживается известный исследователь истории Золотой Орды, автор книг «Страна Моксель» и «Москва Ордынская» Владимир Белинский.  Он утверждает, что на самом деле Чингисхан был казахом и его род происходил из тюркоязычных племен.

«Кияты, киреиты, найманы и меркитами, - это не монгольские, а тюркоязычные племена. Остатки их остались на территории современного Китая, но речь племен - казахская, - говорит Владимир Брониславович. - При жизни Чингисхана государственным в его империи был древний казахский язык. Отец Темуджина (в казахской произношении Темиршина) Есюгей был ханом киятов. Матерью - Оян из рода меркитами. Жена Чингисхана - Борте была из казахского рода кониратов. Все сыновья покорителя мира носили тюркские имена. Сам Чингисхан (Шингисхан) на казахском означает «лучезарный хан». У монголов ни тогда, ни до сих пор не было таких имен. Слово «хан» тоже исключительно тюркское, а не монгольское. Монголы своих правителей называли титулом «контайчи». Выбирали Чингисхана на обычном казахском курултае. У монголов такого слова нет. Только казахи, которые исповедовали тенгрианство, хоронили своих покойников в тайных местах, о которых мало кто знал. Об этом обычае писал европейский посол в Золотую Орде Плано Карпини. Он видел этот обряд. В те времена монголы отвозили своих умерших на кладбище и оставляли там под открытым небом».

Белинский считает, что русская история скрывала этот факт чтобы не признаваться в том, что в свое время русских покорили казахи, которые впоследствии вошли в Российскую империю и были подчиненными русских царей. Поэтому всю славу завоевателей отдали далеким монголам.

«Официальное признание казахского происхождения Чингисхана произойдет в ближайшее время, - прогнозирует Белинский. -  Казахстан еще оглядывается на Россию и Китай, которые имеют свои точки зрения и не собираются уступать историческими мифами».

Осыдан біраз жылдар бұрын, әлем таныған Еділ батырды (Аттила) өзімше зерттеп,  мақала дайындап жүргенімде, қазақтың ұлы ғалымы Әлкей Марғұланның ғылыми еңбектерін оқып шыққан болатынмын. Сонда, әйгілі ғалымның еңбегінен,  ұлтымыздың «Қозы көрпеш – Баян сұлу» атты дастанына төрт мың жыл болған деген сөйлемдерді оқып, қайран қалғанмын. Осыған орай, Еуразия кеңістігінде орналасқан, біздің Ұлы даламыздың аумағынан шыққан, осы Еділ батыр, не болмаса, одан бергі заманда әлемге  аты шыққан Шыңғыс хан мен оның ұлдарының құрған империялары түркі елінің, яғни айтқанда, қыпшақтардың алтын тарихы болып есептеледі ғой. Мен, талай жылдардан бері,  газет жұмысымен бірге, еліміздің тарихын шамам келгенше зерттеп, зерделеп келе жатқан адаммын. Мүмкіндігім жеткенше, қазақ ғалымдарының, сонымен қатар, орыс және шартарап елдерінің, Орталық Азия, сондай-ақ, Қытай, Моңғолия, Сібір аумағын мекендеген ұлттар мен ұлыстардың  көнеден келе жатқан тарихына арналған бүкіл еңбектерін оқып шықтым десем, артық айтқандық болмас. Тіпті, «Сокрове́нное сказа́ние монго́лов» - қазақшалағанда «Моңғолдың құпия аңызын» зерделей  қарап,  талай рет оқыдым. Ақиқатын айтқанда,  бұл күнгі моңғолдарға ешқандай қатысы жоқ. Егер, талдап, дәлірегін  айтатын болсақ,  «Моңғолдың құпия аңызын» - ол  мың қолдың құпиясы, яғни, Шыңғыс ханның анау көгілдір  Алтайдан, сонау Атырауға, Еділге дейінгі және  Сібір орманынан бастап, Қытайдың Ұлы қорғанына дейінгі аралықтағы толып жатқан  ру, тайпаларды қалай біріктіргені, ол үшін қандай әдіс – айла қолданғаны, сөйтіп, хан тағына қалай жеткендігі толықтай баяндалады. Сондықтан, бұл шежірені,  шынымен де «Мың қолдың құпиясы»  деуге толық негіз бар. Соған лайық та.

Есімдері қыпшақ – қазақ тілінде екенін ұмытпайық.

Тағы бір, аса назар аударып, айтарым, Шыңғыс хан мен оның балалары, немерелері, сол секілді,  Ұлы қағанның туыстарының есімдері мен тегі,  тұтастай түркі, яғни, қыпшақ тіліндегі атаулар. Әсіресе, біздің қазақтардың ныспыларына өте  жақын, тіпті, ұқсас десем де болады. Егер айтсам, қаған кезіндегі есімі Шыңғыс,  бала кездегі аты Темучин (Темірші, Теміршын), (қытайлар, орыстар, сонымен қатар, еуропалықтар, түркілердің аты – жөнін  құжатқа  түсіргенде, қалай да әріптік қателер (граматикалық) жібереді. Бұл қазіргі күндері де жиі кездеседі, оны өздеріңізде  білесіздер.), сонымен ары қарай кеттік : Жамұқа-Сечен (Жалмұқан Шешен), Хубилай (Құбылай), Хулагу (Құбағұл) , Шағатай, Жошы - Джучи  (Жолшы), Қасар, Белгудей, Даритай (Дәрітай), Сашабек(Сақа-бек, Сақабек), Таргутай Кирилтух ( Тарғылтай Қырылдақ),  өстіп кете береді. Анау,  Моңғол атанған, қазіргі бурят – манжурлардың аты – жөндеріне, шынымды айтайын, мүлде жуықтамайды.  Мен , бірнеше  жыл осыларды қарастырып, осы күнгі Моңғолдың аты – жөндерімен мүлде ұқсастық таба алмадым. Тіпті, жақындамайды да.

Оқып, іздей жүріп түсінгенім, бұрыннан  орыс ғалымдары, сондай-ақ,  қазіргі  қатардағы орыс зиялылары да, Ресейдің  құрамындағы  Бурятияны «Ресейлік моңғолдар»  деп атайды екен. Неге десеңіз, буряттар және моңғолдар бір-ақ тілде қарым - қатынас жасайды. Дәстүрі де, діні де бірдей.

Осылармен  қатар, назар аудара айтарым, орыс және Еуропа ғалымдары, тіпті, Азиялық ғалымдардың біразы, осы Шыңғыс хан империясы және оның айналасында өрбіген  тарихи оқиғаларды,  кейінгі жылдары түбегейлі қайта зерттеп, Ұлы қағанаттың  ешқандай бұл күнгі  Моңғолдың тарихы еместігін, кезінде кеткен қателік екендігін,  нақты айтып,  жазып, көрсетуде. Бұған,  дәлел ретінде, көптеген ғалымдардың ғылыми жұмыстарын мысал ретінде айтуға болады. Мен, осы оқымыстылардың  көбінің еңбектерін пайдаланып, сіздерге біраз жылдардан бері мағлұмат  беріп келемін, сондай-ақ, ол ғалымдардың аты-жөндерін де,  реті келгенше, жазған мақалаларымда  көрсеттім. Сондықтан, осы ғалымдардың ғылыми жұмыстарына сүйене келе,  айтарым, - Ұлы даламызда  кезінде орын алған,  әр заманға өзгеріс әкелген, көптеген елдердің бірігуіне, кейіннен олардың қуатты  мемлекеттерге айналуына жол ашқан, (Қытай, Ресей секілді )  -  яғни, өз уақытында еліміздің аумағында тіршілік кешкен,  дақпырты алысқа кеткен, сондай-ақ, адамзаттың дамуына орасан  зор  үлесін қосқан, бұл өркениетті  қағанаттар,  шыныменде біздің мақтан тұтар, алтын тарихымыз, - деуге болады.

Тек, біздің ұлтымызға,  Кеңестік дәүірден қалған ескі,  жаттанды ой-пікірін өзгертіп, өз ара қырқыспай, өздерінен қызғанбай, орыстың талай ғасыр бізден жасырып келген ,  текті, асыл дүниемізді  танып  және олардың  егіп кеткен құлдық сана – жүйесінен  арылып, кезіндегі Ұлы ата-бабаларымыздың іске асырған ғаламат  істерін  ұғынып, түсінсе  екен дейміз.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394