Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2735 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 09:07

Желтоқсандықтар билiкке талап қойды

"...Бiздер тәуелсiздiгiмiзге қауiп төндiретiн кез келген ұйымнан шығуымыз керек" деген Н.Назарбаевтың сөзiн алға тартқан Желтоқсан көтерiлiсiнiң ардагерлерi кеше Алматыда баспасөз жиынын өткiздi. Олар Қазақстанның Кедендiк одақтан шығуын талап етiп, мәлiмдеме жасады. Үш мемлекеттiң бiрiгуiнен құрылған Кедендiк одақтың Қазақстан үшiн тиiмсiз тұстарын сөз еткен жиын спикерi Нұрлыбек Қуаңбаев желтоқсандықтардың президентке, үкiмет пен парламентке бұл одақтан шығу жөнiнде талап қоятындарын да айтып өттi.

Осындай пiкiрлерiн ортаға салған Желтоқсан көтерiлiсiнiң ардагерлерi Г.Жүнiс, Н.Бисен­ғазы, Ж.Ашуев, Т.Әлжан Қа­зақ­станның тәуелсiздiгiн сақтап қалу үшiн қазақстандықтарды жұмыла күресуге шақырды.

Өз сөзiнде Н.Қуаңбаев: "Сондай-ақ, соңғы кездерi референдум өткiзу жөнiнде бастама көтерiлдi. Жалпы, заң бойынша референдум өткiзуге де, оған атсалысуға да тыйым салынбаған. Алайда қазiргi жағдайда референдум өткiземiз, миллиондаған қолдар жинаймыз десек, көп уақыт жiберiп аламыз. Менiңше, басқаша батыл қа­да­м­дарға барғанымыз жөн деп санаймын",- дедi. "Жас Алаштың": "Референдум өткiзу­ге көп уақыт кетедi екен. Ал сiздер Кедендiк одақтан шығатын нақты қандай ұсыныс жасамақсыздар? Сол одақтан Қазақстанды шығара алатындай белгiлi бiр жоспарларыңыз бар ма?" - деген сұрағына: "Билiкке, минис­трлiкке, үкiметке тiкелей шығып, талабымызды бiлдiре­мiз. Мiн­деттi түрде қантөгiс жасаудың қажетi жоқ. Бiздер, желтоқсандықтар қан төгу мен сотталудың қалай болатынын көр­дiк. Сондықтан ол күндердiң қай­таланғанын қаламаймыз. Қа­зақстанның Кедендiк одақтан шығуы бейбiт түрде жүзеге асады деп сенемiз. Сондай-ақ,   елi­мiздiң барлық аймақтарында дөңгелек үстелдер өткiземiз",- деп жауап бердi Н.Қуаңбаев. Сонымен қатар ол референдумның күн­тәртiбiндегi Кедендiк одақтан шығу жөнiндегi сұрақты қолдайтынын, егер сол одақтан елiмiз шығарылса, басқа проблемалардың оңай шешiлетiнi­не сенiм бiлдiрдi.

"Осыған дейiн де Қазақстанның Кедендiк одақтан шығуын талап ететiн дөңгелек үстелдер мен конференция, жиындар аз өтпедi. Бiрақ нәтижесi көрiнер емес. Ел тәуелсiздiгiн сақтап қалуды шынайы мақсат етсе, бәлкiм, барлық саяси ұйымдар мен оппозиция өкiлдерi, азамат­тық қоғам, ұйымдар мен қоз­ғалыстар қазiр билiкке бiрi­гiп талап қойса, нәтижесi де болар едi. Осы ретте желтоқсандықтар референдум өткiзу жөнiнде бас­тама көтерген қадау-қадау төрт талап қойып, қол жинауға кiрiс­кен оппозиция өкiлдерi­мен, алдағы күндерi халықты митингiге шақырған белсен­дi­лермен жұ­мыла жұмыс iстеуге, бiрге күресуге қалай қарайды?" Бұл сұрағымызға "Желтоқсандықтар ұлт­­тық мүддеде барлық саяси ұйыммен бiрiге күресуге да­йын" деген жауап алдық. Жиын соңында қоғам белсен­дiсi, Әдiлхан Халелхан 1 мамыр күнi Алматы қаласындағы Райымбек батырдың ескерткiшiнiң жанында наразылық шарасы өтетiнiн хабарлады. Бұл митин­гiге әкiмдiктен рұқсат сұралмағанын айтқан ол: "Билiктегiлер халықтың жерiн, байлығын сат­қанда, су, жарық, жылудың бағасын көтерiп, жұртты қымбатшылықпен қысқанда рұқсат сұрады ма? Сондықтан бiз де ешкiмнен рұқсат сұрамаймыз! Жылы жерде жиын өткiзудi доғарып, наразылығымызды аш­ық бiлдiретiн уақыт жеттi. Мұнан әрi төзуге болмайды", - деп сөзiн түйiндедi.

С.МӘДИ.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір