«Дін және жастар»: ҮНДЕУ
«Дін және жастар» республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференцияға қатысушылардың
ҮНДЕУІ
Біз, «Дін және жастар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар, қоғамдық дүниетанымды және адамның тұрмыс қалпын қалыптастырудағы діннің өскелең рөлін, сондай-ақ қоғам мен мемлекетті дамытудағы жастардың үлкен әлеуетін ескере келе, Қазақстан Республикасының жастарына үндеу жолдаймыз.
Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің бірегей қазақстандық үлгісі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тұрғыда дамуы үшін берік негізді құруды қамтамасыз етті. Қазақстан халқы дінаралық сұхбат орнату нәтижесінде қоғам ішінде өзара түсінісу мен өзара құрметтеудің мызғымас құндылықтары мен дәстүрлерін сақтап қалды.
Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттің өсіп-өркендеуі жолында 140 ұлыс пен 17 конфессия өкілдері татулықта тұрып, адал еңбек етіп жүр.

Осыған орай, Ұлт көшбасшысы - Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, біз дінді конфессияаралық немесе этносаралық араздықты қоздыру, елдің конституциялық құрылысын бұзу немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу сияқты адамгершілікке қарсы кез-келген ой-мақсаттарда және заңға қайшы әрекеттерде пайдалануға батыл қарсы шығамыз.
Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына сәйкес, ар-ождан және діни сенім бостандығы қағидаттарын, толеранттылық пен дінге еріктілік дәстүрлерін ұстана отырып, біз дінге қатысты мәселелерге байыппен қараудың маңыздылығына ерекше көңіл аударып, Елбасымыздың «...мемлекетіміздің зайырлы сипаты - Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты» деген сөзін басшылыққа алуға шақырамыз.
Мемлекет басшысының зайырлы, экономикалық дамыған еліміздің қарыштап дамуы үшін жағдай жасау мақсатында жүзеге асырып отырған жастар саясатына қолдау білдіре отырып, біз аға ұрпақтың жанқиярлық еңбектерін бағалауға және олардың қол жеткізген жетістіктерін одан әрі көбейте беруге үндейміз.
Біз жастарды қоғамымыздың игілігі үшін еңбек етіп, арамызда жүрген дарынды тұлғалардың, ғалымдар мен дәрігерлердің, ұстаздардың, өнер және әскери адамдардың, саясаткерлер мен қоғамның басқа да абыройлы мүшелерінің күнделікті өмірдегі ерен еңбектерінен сабақ алып, отаншыл рухтың шынайы мәнін түсінуге шақырамыз.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің шынайы қағидаттары адамды танып-білуге жігерлендіреді. Сондықтан жастарымыз алтын уақыттарын озық білім алуға жұмсап, өз істерінің нағыз маманы болуға ұмтылуы тиіс.
Жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер заманында жастардың бар күш-жігері мемлекет пен қоғамның өсіп-өркендеуі мен игілігінің артуына бағытталу қажет.
Біз Қазақстанның байырғы қазақ жерінде толеранттық пен дінге еріктілік қағидаттарына негізделген татулықта әртүрлі ұлыстардың, мәдениеттер мен діндердің өкілдері ғасырлар бойы тұрғанын ұмытпауымыз керек.
Бүгінгі біздің елдегі дінаралық бейбітшілік бұл тек қана тарихи тәжірибе емес, сонымен қатар біз сақтап қалуға және дамытуға тиіс ұлы мұра болып табылады.
Еліміздің жастары дін мәселесіндегі ұстаз таңдауда сақ болып, өздерінің іс-әрекеттерін қоғамда қалыптасқан жүріс-тұрыс және моральдық-адамгершілік нормалар мен заңдылықпен бағамдай отырып саналы әрекет етулері тиіс. Бұл жерде кез-келген адамның осы мәселелердегі қателігі өзінің туған-туысқандарының өмірлеріне ықпал ететінін түсіну керек.
Біз отаншыл және өжет Қазақстан жастарының мемлекет пен қоғам тарапынан білдіріліп отырған сенімді ақтайтынына сенімдіміз.
Біздің ортақ мақсатымыз - біртұтас, тұрақты және тәуелсіз Қазақстан!
Атырау қаласы, 12 сәуір 2013 жыл
Abai.kz