Сенбі, 23 Қараша 2024
1446 1 пікір 5 Сәуір, 2023 сағат 14:47

Алматыда дизель жетіспеушілігі байқалуда

Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда қазір 213 автожанармай құю станциясы жұмыс істейді, оның ішінде 6 ірі желіге 176 жанармай құю бекеті кіреді (82% тиесілі). Алматыға үш мұнай өңдеу зауытынан ЖЖМ жеткізіледі. Олар: Шымкент «Петро Қазақстан Ойл продактс» мұнай өңдеу зауыты (ПКОП үлесі – 40%), Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ үлесі – 35%), Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ үлесі – 25%).

«Биыл 15 наурыздан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылды, осыған байланысты Алматы қаласында дизель отынын жеткізу тоқтатылды. Осы кезеңде ПМХЗ мен АМӨЗ-ден дизель отынын жеткізу шамамен 12 мың тоннаны құрады. Бүгінде ірі желілік ЖҚС және қаланың мұнай базаларында шамамен 8,8 мың тонна дизель отыны бар, 4-5 күн ішінде шамамен 4,7 мың тонна жеткізіледі деп күтілуде», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.

Соңғы уақытта қалада Алматы облысының тұрғындары, сондай-ақ транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына деген сұраныс артты, бұл тұтынудың бір мезгілде 30-35%-ға өсуіне себеп болды және жекелеген ЖМҚС-ға үзіліспен жеткізілуіне (резервуарлардың уақтылы толмауына) әкелді. Қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жанармай құю бекеттеріне дизель отынының шектеулі шығарылымы енгізілді.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндіріс қайта басталғаннан кейін жағдай тұрақтанады деп күтілуде. ҚР Энергетика министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, ПКОП жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталады», - деп хабарлады әкімдікте.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394